Е.Н.Лукьянчикованың ЖРВИ және туберкулездің алдын алу жайлы дәрісі өтті

08.10.2023

Көрулер: 424

Дәріскер Е.Н.Лукьянчикова ЖРВИ және туберкулездің алдын алу туралы дәріспен биология және биотехнология факультетінде болды. Дәріске бакалавриаттың 1-4 курс студенттері қатысты. Оқушылар суық тию (ЖРВИ – жедел респираторлық-вирустық инфекция, ЖРА – жедел респираторлық аурулар және тұмаудың пайда болуының алғышарттары мен алдын алу тәсілдері), тұрғындар арасында туберкулездің алдын алудың негіздері – ағзаның қорғаныштық қабілетін арттыруға бағытталған шаралар: рационалды және уақтылы тамақтану, темекі шегуден және алкогольдік ішімдіктерді әуестене пайдаланудан бас тарту, дұрыс еңбек режимін сақтау, шынығу, салауатты өмір салтын сақтау екені жөнінде білімдерін толықтырды.