Жаңалықтар

«Әскери мақсаттағы жерлер үшін озық фитотехнологиялар арқылы климаттың өзгеруінің салдарын азайту» тақырыбындағы НАТО MYP G6094 жобасы бойынша баспасөз хабарламасы

29.09.2023

Жобаның орындалу мерзімі: 2023 жылғы 27 қыркүйек - 2026 жылдың 26 қыркүйек аралығы. 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ ТДМ 13-мақсатын (Климаттың өзгеруімен күресу) жүзеге асыру шеңберінде НАТО қаржыландыратын НАТО MYP G6094 «Әскери мақсаттағы жерлерге арналған озық фитотехнологиялар (MilClimATech) арқылы климаттың өзгеруінің әсерін азайту» тақырыбындағы 2023-2026 жылдарға арналған жобасында байланыстырушы университет болып табылады.

Жобаның бас орындаушысы Устинад-Лабемдегі Ян Эвангелист Пуркинье университетінің (УЙЕП) профессоры Валентина Пидлиснюктің, сондай-ақ Украинаның Владимир Гнатюк атындағы Тернополь ұлттық педагогикалық университетінің (ТНПУ) докторы Андрей Герцтің қатысуымен онлайн талқылау өтті.

Ары қарай оқу >>

Шэньси технология және ғылым университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті арасындағы болашақ жоба жұмыстары талқыланды

29.09.2023

25.09.2023-28.09.2023 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің деканы Құрманбаева М.С. мен  Шэньси технология және ғылым университетінің (Сиань, ҚХР) профессоры Джиан Джа (Jian Zha) арасында іскерлік кездесу өтті. 

Ары қарай оқу >>

Молекулалық биология және генетика кафедрасының студенттері SDGs шеңберінде Oncomine Dx Target Test технологиясы бойынша мастер-класқа қатысуда

27.09.2023

"Генетика" мамандығының үшінші курс бакалаврлары куратор-эдвайзер Жүсіпова Айжан Ізбасаровнамен бірге TreeGene компаниясы thermofisher Scientific-Zalma Ltd зертханалық жабдықтар мен реактивтердің ірі өндірушісінің ресми өкілімен бірлесіп жүргізетін "Онкологиядағы диагностика мен дербестендірілген терапиядағы NGS үшін Oncomine панельдерінің спектрі" мастер класына қатысты. 

Ары қарай оқу >>

ТДМ4. Тұрақты даму аясындағы сапалы білімге қол жеткізу мақсатында Дебрецен университетінде (Венгрия) Эрусмус+ бағдарламасы бойынша тағлымдама

26.09.2023

Абидкулова Каримэ Тулегеновна, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің 8D05108-Геоботаника мамандығының 2 курс докторанты. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап күзгі семестрді Дебрецен университетінде (Венгрия) Эрусмус+ бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік алды. Бұл бағдарламаны 2023 жылы Дебрецен университетінің ғылым және технологиялар факультеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы жеңіп алды (кафедра меңгерушісі б.ғ.д., профессор Курманбаева М.С). Осы бағдарламаның арқасында докторант Абидкулова К.Т Өсімдіктердің молекулалық таксономиясы курсы және доктор Габор Шрамконың зертханасында зерттеу жұмысы курсы бойынша білім алуда. Ол сондай-ақ профессор Аттила Молнар және оның докторанттарымен бірге Lycopodiaceae тұқымдасының әртүрлі түрлерін, инвазивті түрлерді және Галателла тұқымдасының гибридін зерттеу бағдарламасы аясында Токай ауданына (Прикарпатье) бір күндік далалық сапарға қатыса алды.

 Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндеТұрақты даму мақсаттарына сәйкес «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық конференция өтті

22.09.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті ұйымдастыруымен тұрақты даму мақсаттарына байланысты Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Әметов Абибулла Әметұлының 80 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 22 қыркүйек 2023 жылы жоғары деңгейде өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 80 жылдық мерейтоймен құттықтап, әл-Фараби күміс медалімен мерей той иесін марапаттады. Іс-шараға Түркия, Ресей елдерінен және Қазақстанның көптеген қалаларынан, атап айтқанда Астана, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент және Түркістан қалаларынан баяндамашылар конференцияға белсенді атсалысты. Биоалуантүрлілікті сақтау, табиғи жайылымдық жерлердің қысқаруы және шөлді аймақтардың ұлғаюы мәселелері талқыланды. Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ, Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Г.Т.Ситпаева және ұжымы құттықтау сөз алып, Абибулла Әметұлының ботаника саласында сіңірген еңбегін атап өтті. Шөлдену мәселелері және оны шешу жолдары ұсынылды, геоботаниктердің санын арттырып, табиғи жайылым жерлердің паспортын даярлау туралы өзекті мәселелер талқыланды. Алматы, Астана қалаларының ЖОО профессорлары құттықтауларын жолдады. Халықаралық конференцияда автордың кітапханалық көрмесі ұйымдастырылып, ІІІ томдық «Өсімдіктер систематикасы» оқулығының тұсауы кесілді. Әр қаладан келген ғалымдар пленарлық баяндамалар жасаса, жас ғалымдар, студенттер мен магистранттар секциялық бөлімдерде ғылыми жұмыстарын баяндап, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды. Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан келген жас ғалымдар І, ІІ және ІІІ орынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды. Абибулла Әметұлының мектеп оқушыларына арналған оқулықтар мен ЖОО студенттеріне арналған оқулықтары республиканың барлық аймағына танымал және құнды болып табылады. Абибулла Әметұлының 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған халықаралық конференция нәтижесінде шөлейттену мәселелері және оны шешу жолдары ұсынылды, геоботаниктер санын арттырудың және табиғи жайылымдық жерлердің паспорттарын дайындаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

ENSAIA-мен BioWare (магистратура) білім беру бағдарламасы бойынша қос диплом бағдарламасын ұзарту туралы келіссөздер

21.09.2023

12 қыркүйекте ENSAIA университетінің басшылығымен ENSAIA университетімен BioWare (магистратура) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология (магистратура) бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламаларын ұзарту бойынша келіссөздер өтті. Жыл сайын ENSAIA-да Абай-Верн бағдарламасы аясында 6 магистрант білім алуда, олар Нанси қаласында 1 жылдық оқудан өтеді, сонымен қатар Францияның жетекші ғылыми институттары мен өндірістік кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтеді.

Ары қарай оқу >>

Францияның Нанси қаласындағы Агрономия және тамақ өнеркәсібі Ұлттық жоғары мектебімен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілуде

21.09.2023

2023 жылдың қыркүйек айының 8-нен 16-қыркүйекке дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Биотехнология кафедрасының профессоры доктор Савицкая И.С. және биология ғылымдарының кандидаты, ассоц.профессор Кистаубаева А.С. Ecole Nationale Superieure d’Agronomie және des Industries Alimentaires университетіне Нанси қаласы, Францияға іссапарға барды.

Іссапардың мақсаты: АР09259491 "Аралас сүт өнімдерін жасау үшін пробиотикалық биофильмдері бар полисахаридті матрицаны қолданудың биотехнологиясы" жобасының күнделік тізіміне жататын қосымша зерттеулерді орындау. Алынған зерттеулердің нәтижелерін процентиль бағалауы 80-нен жоғары болатын журналда мақала жариялауға ықпал ету.

Ары қарай оқу >>

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

15.09.2023

2023 жылдың 7-14 қыркүйек аралығында Қытай Ғылым академиясының Тяньцзинь өндірістік биотехнология институтының (TIB CAS) ғалымдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне іс-сапарға келді. Тяньцзинь өнеркәсіптік биотехнология институты (TIB) - жоғары өнімді скрининг, жүйелік биотехнология, ферменттеу процесін оңтайландыру, эксперименттік сынақтар және геном синтезі үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған ірі ғылыми орталық. Биология және биотехнология факультеті 2021 жылдың 14 сәуірінде Биотехнологиялық өндірістер альянсына қосылды және 27 елдің университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарын қамтитын COMSATS бірлескен өндірістік биотехнология орталығының (CCIB) мүшесі болып табылады.

Ары қарай оқу >>

1- курс студенттеріне “Биотехнологияның жетістіктері мен болашағы” тақырыбында вебинар өтті

13.09.2023

Вебинар барысында өнімділігі және тағамдық құндылығы жоғары ауылшаруашылық сорттарын алу биотехнологияның болашағы жетістіктері және осы бағыттағы ғылыми зерттеулер туралы білімдер айтылды. Студенттер биотехнология экономикалық перспективалы салаларында өздерінің кәсіби қасиеттерін жүзеге асыруға, біліктіліктерін арттыруға және мансаптық өсуге қол жеткізе алатынын жан-жақтылы түсінді.

Эдвайзер: Доктырбай Г.

https://cloud.mail.ru/stock/4C2iGEKzH8x9PjY2rqXoJfyD

Ары қарай оқу >>

SDG (ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ) АЯСЫНДА МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОКТОРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ВЕБИНАР

12.09.2023

8 қыркүйекте ZOOM платформасында онлайн-форматта молекулалық биология және генетика кафедрасының 1 курс докторанттары Таскужина Айша мен Кенжебекова Розаның аштықты жоюға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тамақтануды жақсартуға және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына арналған вебинары өтті.

Вебинар аясында докторанттар даярлаған баяндамаларында жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеулерінің маңыздылығы туралы айтты.

Кенжебекова Роза картоптың вирустары мен вироидтарын зерттеумен, ал Таскужина Айша - жабайы алма ағаштарының генетикалық потенциалы мен фитопатологиялық статусын зерттеумен айналысады.

Олардың жұмыстары қазіргі заманауи ауыл шаруашылығы үшін орасан зор практикалық құндылыққа ие, жергілікті картоп сорттарының өнімділігін арттыруға және қолайсыз жағдайларға төзімді алма ағаштарының жаңа сорттарын жасауға мүмкіндік береді.

Екі докторант та өз зерттеу жұмыстарын Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының молекулалық биология зертханасының меңгерушісі, PhD Гриценко Диляра Александровнаның жетекшілігімен жүргізеді.

Ары қарай оқу >>