Факультет оқытушылары мен студенттері сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді

07.10.2023

Көрулер: 406

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалпы университеттік сенбілік өтті. Университет аумағындағы бөлінген бөлімшені тазалауға Биология және биотехнология факультетінің оқытушылары мен студенттері де белсене атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке қатысу студенттердің, қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды шаруа болып табылады.