Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының б.ғ.д., профессоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі ТӨЛЕУХАНОВ СҰЛТАН ТӨЛЕУХАНҰЛЫ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ» ордені және I дәрежелі дипломмен марапатталды

20.01.2024

Көрулер: 234

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және Биотехнология факультеті, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының б.ғ.д., профессоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі ТӨЛЕУХАНОВ СҰЛТАН ТӨЛЕУХАНҰЛЫ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен республикалық байқауда қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ» ордені және I дәрежелі дипломмен марапатталды.

     Республикалық деңгейдегі бұл байқаудың басты мақсаты: ел егемендігінің өркендеуі мен дамуына үлес қосқан,Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанған тұлғалар мен азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау болып табылады.

       Профессор Сұлтан Төлеуханұлын осындай жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз! Жұмысына сәттілік пен табыс тілейміз.