"Биотехнология" білім беру бағдарламасының студенті Доир Хегай ақысыз грантқа ауыстырылды

09.10.2023

Көрулер: 469

Биология және биотехнология факультеті «Биотехнология» білім беру бағдарламасының студенті Доир Хегай ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің  бұйрығымен ақылы бөлімнен қосымша мемлекеттік грантқа ауысты. Факультет деканы, б.ғ.д., профессор М.С. Құрманбаева мен биотехнология кафедрасының меңгерушісі А.С. Қыстаубаева студентті жеңісімен құттықтап, әрі қарай оқуда озат болуына тілектестіктерін білдірді.