Жаңалықтар

Пандемияның тұрақты даму мақсаттарына әсері: тенденциялар мен әсерлер

10.04.2021

2021 жылғы 8-9 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебі онлайн режимде "Пандемияның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге әсері: тенденциялары мен ықпалы" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияның мақсаты COVID-19 пандемиясының болашақта ТДМ-ға жалпы қол жеткізуге әсері, сондай-ақ дамушы елдердегі жағымсыз салдарларды азайтудың негізгі тетіктерін анықтау және талқылау болды.

Ары қарай оқу >>

Университеттің студенттік бизнес-инкубаторларының үздік студенттік инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауы өткізілді

09.04.2021

2021 жылдың 7-8 сәуірінде онлайн форматта Zoom платформасында "Фараби әлемі" жас ғалымдар мен студенттердің Халықаралық ғылыми конференциясы аясында университеттің студенттік бизнес-инкубаторларының (СБИ) үздік студенттік инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауы өтті. Конкурсты өткізудің мақсаты - үздік студенттік инновациялық бизнес-идеяларды іріктеу, кейіннен оларды дамудың барлық кезеңдерінде: идеяны пысықтаудан бастап оны коммерцияландыруға дейін акселерациялауға жәрдемдесу болып табылады.

Ары қарай оқу >>

"Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының нәтижелері

08.04.2021

Экономика және бизнес Жоғары мектебінде өткен "Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өз жұмысын аяқтады. Қатысушылардың жалпы саны - 260, оның ішінде шетелдік - 2, Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарынан - 16. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталды: 1 орын - Исәлімбай Назерке Мұратқызы (мамандығы: Экономика, 4 курс); 2 орын-Джангужиева Инаргүл Нұрланқызы (мамандығы: МжЖБ, 4 курс); 3 орын - Көшетаев Диас Сансызбайұлы (мамандығы: Логистика, 3 курс).

Ары қарай оқу >>

Пандемиядан кейінгі жағдайда Қазақстанның экономикалық процестерін басқару және мемлекеттік реттеу

07.04.2021

6-8 сәуір аралығында 2021 жылы студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Менеджмент кафедрасы төртінші секциясы мәжілісі: «Пандемиядан кейінгі жағдайда Қазақстанның экономикалық процестерін басқару және мемлекеттік реттеу» тақырыбында өтті. Төртінші секция бойынша 59 мақала тапсырылып, оның ішінде 20 қатысушылардың «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент»  «Инновациялық менеджмент», «Жобаларды басқару», «Іcкеpлік әкімшілік жүpгізy» мамандықтарынан  студенттердің – 8, магистранттардың - 10,  докторанттардың – 2 баяндамалары тыңдалды. Үздік баяндама жасаған студент, магистрант және докторанттарға I, II, III дәрежелі дипломдар мен номинациялар берілді.

Ары қарай оқу >>

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының студенті Көшетаев Диас академик Ш. Есенов атындағы стипендияны жеңіп алды

07.04.2021

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Логистика» мамандығының 3-курс студенті Көшетаев Диас 2021 жылғы академик Ш.Есенов атындағы стипендияны жеңіп алды. Ғылыми-білім беру қоры Академик Шахмардан Есенов атындағы студенттерге ай сайынғы 27 000 теңгеге 17 айлық стипендия беруге конкурс өткізді. Кошетаев Диас оқу үлгерімі өте жақсы, кафедра мен университеттің өміріне белсенді қатысады, әрдайым ғылыми зерттеулерге, конкурстарға қызығушылық танытады, сонымен қатар волонтерлыққа да қатысады.

Ары қарай оқу >>

Пандемиядан кейінгі әлемнің экономикасы: жас зерттеушілердің көзқарасы

06.04.2021

2021 жылдың 6 сәуірінде "Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы аясында ЭжБЖМ бағыты бойынша "Пандемиядан кейінгі әлемнің экономикасы: жас зерттеушілердің көзқарасы" конференциясының пленарлық отырысы өтті. Конференция шеңберінде келесідей бағыттар бойынша секциялар жұмысы ұйымдастырылды: Қазақстан Республикасының пандемиядан кейінгі әлемдегі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулары мен трансформациясы; Пандемиядан кейінгі кезеңдегі бизнес-технологиялардың заманауи трендтері; Пандемия жағдайындағы қаржылық тетіктердің және есепке алу-талдау жүйесінің болмысы мен даму стратегиясы; Қазақстанның пандемиядан кейінгі жағдайларындағы экономикалық процестерді басқару және мемлекеттік реттеу.

Ары қарай оқу >>

«Пандемияның тұрақты даму мақсаттарына әсері: тенденциялар мен әсерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

05.04.2021

2021 жылдың 8-9 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі «Пандемияның тұрақты даму мақсаттарына әсері: тенденциялар мен әсерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – COVID-19 пандемиясының болашақта ТДМ-ға жалпы қол жеткізуге әсерін бағалау, сондай-ақ дамушы елдердегі жағымсыз салдарларды азайтудың негізгі тетіктерін анықтау. Конференция жұмысы барысында отандық және шетел ғалымдары мен сарапшылардың баяндамалары тыңдалады.

Ары қарай оқу >>

Еңбек ұжымдарындағы қаржылық сауаттылық, іскерлік және білім беру ортасы: әлемдік және аймақтық үрдістер мен тенденциялар

02.04.2021

06-07 сәуір, 2021 жылы Ресейдің қаржылық сауаттылықты дамыту қауымдастығы Орел қаласы И.С. Тургенев атындағы Орловский Мемлекеттік университеті, Мәскеу қаласы Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, Қазан қаласы Қазан федералдық университеті, Рязань қаласы В.Ф. Уткин атындағы Рязань мемлекеттік радиотехникалық университеті, Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университтері сияқты ЖОО біріге отырып,  «Еңбек ұжымдарындағы қаржылық сауаттылық, іскерлік және білім беру ортасы: әлемдік және аймақтық үрдістер мен тенденциялар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Деректерді талдау үшін экономикалық және математикалық әдістерді қолдану

01.04.2021

2021 жылғы 30 наурызда Экономика және бизнес Жоғары мектебінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен "Деректерді талдау үшін экономикалық-математикалық әдістерді пайдалану" тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинар спикері: PhD Темербулатова Ж.С. Семинар барысында эконометрикалық әдістерді қолдану; деректерді жинау, деректер типтері; сипаттамалық талдау, корреляциялық талдау; Пирсонның жұптық корреляция коэффициенті, корреляциялық матрица; шашырау диаграммасы; панельдік деректерді пайдаланудың артықшылықтары; панельдік деректерді талдау нәтижелерін ұсыну; модель теңдеуі қарастырылды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстандағы шынайы маркетинг

29.03.2021

2021 жылы 11 наурыз күні OLX Казахстан компаниясының маркетинг және бизнес-жобалар бойынша директоры Станислав Дубинчик Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» мамандығының студенттеріне және магистранттарына «Қазақстандағы шынайы маркетинг» тақырыбында мастер-класс өткізді. Мастер-класс шеңберінде тыңдаушылар тәжірибелік мысалдарда OLX Казахстан компаниясында маркетингтік заманауи әдістерін пайдалануды, маркетингтік индустрияның өзекті даму барысы туралы білді.

Ары қарай оқу >>