Жаңалықтар

ҚазҰУ білім беру бағдарламалары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді

04.03.2021

Әлемнің 1200-ден астам университеттерін бес пәндік бағыт бойынша сараптаған «QS World University Ranking by Subject 2021» пәндік рейтингінің нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің көрсеткіштерін жақсартып, позициясын нығайтты. ҚазҰУ өткен жылмен салыстырғанда «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәні бойынша өз көрсеткіштерін 277-ден 156-шы орынға, «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» пәні бойынша 351-ден 257-ші орынға көтеріп, оң нәтижеге қол жеткізді.

Ары қарай оқу >>

"Бизнес-технологиялар" кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Товма Н.А. жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру аясында жобаны жеңіп алды

01.03.2021

Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымы "Бизнес-технологиялар" кафедрасының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары PhD, э.ғ.к., доцент Товма Наталия Александровнаны ҚР БҒМ Ғылым комитетінің желісі бойынша 2021-2023 жж. арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру шеңберінде берілген қаржыландыруға арналған жобаны мақұлдауымен құттықтайды және шығармашылық табыстар мен жоғары жетістіктер тілейді!

Ары қарай оқу >>

Диссертация жазу бойынша практикалық кеңестер. Біреулер қорғамай тастайды, басқалар қандай сынақтар болса да күреседі

26.02.2021

2021 жылғы 26 ақпанда Экономика және бизнес Жоғары мектебінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен "Диссертация жазу бойынша практикалық кеңестер. Біреулер корғамай тастайды, басқалар  қандай сынақтар болсада күреседі" тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинар спикері: Сатпаева Зайра Төлегенқызы, PhD, ҚР Білім министрлігінің Ғылым комитеті Экономика институтының, аймақтық экономика және инновациялық даму бөлімінің аға ғылыми қызметкері.

Ары қарай оқу >>

«Логистика» мамандығының студенттері «KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлерінің Жастар форумына қатысады

15.02.2021

ЭБЖМ "Бизнес-технологиялар" кафедрасының "Логистика" мамандығының студенттері Қазақстанның көлік саласының көрнекті қайраткерлері мен еліміздің Көлік жоғары оқу орындарының студенттері қатысатын "KAZLOGISTICS" көлік қызметкерлерінің Жастар форумына қатысады. Форумның ұйымдастырушысы "KAZLOGISTICS" көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы болып табылады. Бұл форум студенттерге кәсіби ортаға "енуге", логистика гуруының "бірінші ауыздан" сөйлеген сөздерін тыңдауға, стартап конкурстарына қатысуға және брейн-рингтерге қатысуға мүмкіндік береді.

Ары қарай оқу >>

"Логистика" мамандығы студенттерінің DAMU Logistics компаниясының қызметкерлерімен онлайн-кездесуі

12.02.2021

«Бинес-технологиялар» кафедрасы DAMU Logistics қызметкерлерімен бірлесіп Логистика мамандығының 1-4 курс студенттерімен онлайн кездесу өткізді. Онлайн-отырыста спикер, DAMU оқу орталығының кураторы, онлайн-жобаларды іске асыру жөніндегі менеджер А.Анишев мырза «Кешенді логистика: тауарлар импортынан оларды іске асыруға дейін» тақырыбында практикалық ақпаратпен бөлісті. Кездесудің басты мақсаты - «Логистика (салалар бойынша)» мамандығының 1-4 курс студенттерін кешенді логистика, жұмыспен қамту және практикалық оқыту, студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыру туралы толық ақпаратпен таныстыру.

Ары қарай оқу >>

Нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда жариялау жайлы

12.02.2021

2021 жылғы 12 ақпанда экономика және бизнес Жоғары мектебінде жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен "Нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда жариялау жайлы" тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинар спикері: Әлібекова Гүлназ Жанатқызы, PhD, Ақпарат және зерттеу нәтижелерін енгізу бөлімінің басшысы.

Ары қарай оқу >>

"Бизнес-технологиялар" кафедрасының меңгерушісі З.Б. Ахметова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

10.02.2021

2021 жылдың 10 ақпанында Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ахметова З.Б. біздің университетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды!

Ары қарай оқу >>

BOSCARDI жобалық тәсілі арқылы PhD оқу барысын басқару

03.02.2021

2021 жылғы 3 ақпанда Экономика және бизнес Жоғары мектебінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен "BOSCARDI жобалық тәсілі арқылы PhD оқу барысын басқару" тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинар спикері: Акзамбекқызы Ақбота - PMI PMP, өзгерістер көшбасшысы "Ел Үміті", ҚР ЖМО-ның МСО директоры.

Ары қарай оқу >>

Пандемия жағдайында бухгалтерлік есепті цифрландыру

25.01.2021

Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасы 2021 жылдың 25 қаңтарында "Пандемия жағдайында бухгалтерлік есепті цифрландыру" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізді. Аталған іс-шараны ұйымдастыру э.ғ.д., кафедра профессорының м.а. Баймұханова Сария Баймұханқызының 70-жылдық мерейтойына орайластырылған және еліміздің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға, сондай-ақ халықаралық деңгейде академиялық құрылымдар арасында тиімді пікір және озық идеялармен алмасуға бағытталған.

Ары қарай оқу >>

2020 жылға арналған ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды табыстаудың онлайн рәсімі

29.12.2020

2020 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысуымен 2020 жылға атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тапсыру рәсімі өтті. Онлайн-кездесуге қазақстандық университеттердің жетекші ғалымдары мен ғылыми қызмет жөніндегі проректорлары, ғылыми институттар мен қауымдастықтардың өкілдері, сыйлықтар мен стипендиялардың лауреаттары қатысты. Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>