«Пандемияның тұрақты даму мақсаттарына әсері: тенденциялар мен әсерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

05.04.2021

Көрулер: 1780

2021 жылдың 8-9 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі «Пандемияның тұрақты даму мақсаттарына әсері: тенденциялар мен әсерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – COVID-19 пандемиясының болашақта ТДМ-ға жалпы қол жеткізуге әсерін бағалау, сондай-ақ дамушы елдердегі жағымсыз салдарларды азайтудың негізгі тетіктерін анықтау. Конференция жұмысы барысында отандық және шетел ғалымдары мен сарапшылардың баяндамалары тыңдалады.

2021 жылдың 9 сәуірінде «COVID-19 пандемиясы жағдайында Қазақстан компанияларының тұрақты дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел және «Ғылыми зерттеу үшін әдебиеттерге шолу жаcау» атты мастер-класс ұйымдастырылады.

Конференция келесідей тақырыптық бағыттар бойынша өткізіледі:

Секция 1. Пандемия жағдайындағы бизнес-технологиялардың заманауи тенденциялары

мен стратегиялары;

Секция 2. Пандемия кезіндегі дағдарысты басқару: механизмдер мен сценарийлер;

Секция 3. Экономиканың постковидті жағдайдан кейін дамуы: шындықтары мен мүмкіндіктері;

Секция 4. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында қаржы секторын «қайта жаңғырту».