Пандемияның тұрақты даму мақсаттарына әсері: тенденциялар мен әсерлер

10.04.2021

Көрулер: 1930

 

2021 жылғы 8-9 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебі онлайн режимде "Пандемияның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге әсері: тенденциялары мен ықпалы" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 

Конференцияның мақсаты COVID-19 пандемиясының болашақта ТДМ-ға жалпы қол жеткізуге әсері, сондай-ақ дамушы елдердегі жағымсыз салдарларды азайтудың негізгі тетіктерін анықтау және талқылау болды.

 

8 сәуірде сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін өткен пленарлық отырыста тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің өзектілігі және осы мәселені шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеу талқыланды, оған РХДУ экономика факультетінің "Халықаралық экономикалық қатынастар" кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Андронова И.В. (Ресей), Лимпопо университетінің профессоры Коллинз C. (ОАР), Падуя университетінің профессоры Челетти Д. (Италия), "Жасыл Академия" Ғылыми-білім беру орталығының директоры, э.ғ.д., профессор Есекина Б.К., ҚР БҒМ ҒК ИЭ Өңірлік экономика және инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Альжанова Ф.Г., э.ғ.д., "Экономика" кафедрасының профессоры Тулегенова М.С., Ухань университеті Саясаттану және мемлекеттік басқару мектебінің PhD докторанты Еркін Н. (Қытай) қатысты.

 

Конференция жұмысы пікірталас және талқылау түрінде келесі тақырыптық бағыттар бойынша өтті:

 

  • Секция 1. Пандемия жағдайындағы бизнес-технологиялардың заманауи тенденциялары мен стратегиялары;
  • Секция 2. Пандемия кезіндегі дағдарысты басқару: механизмдер мен сценарийлер;
  • Секция 3. Экономиканың ковидтен кейінгі дамуы: шындықтар мен мүмкіндіктері;
  • Секция 4. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында қаржы секторын "қайта жаңғырту".

 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар пандемияның экономикаға әсері туралы жан-жақты талқылағаннан кейін, COVID-19 тек ТДМ-ға әсер етуін ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамның барлық ауыр нүктелерін атап өтті: денсаулық сақтау жүйесінің әлсіздігі; әлеуметтік қорғаудағы олқылықтар; құрылымдық теңсіздік; қоршаған ортаның нашарлауы; климаттық дағдарыс және т.б.

 

Конференция шеңберінде 2021 жылғы 9 сәуірде "COVID-19 пандемиясы жағдайында Қазақстан компанияларының тұрақты дамуы" дөңгелек үстелі және "Ғылыми зерттеу үшін әдебиеттерге шолу жазу" мастер-классы ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге экономика және бизнес Жоғары мектебінің жас ғалымдары қатысты.

 

Конференция қорытындысы бойынша резолюция ұсынылды, онда пандемияның теріс әсерін азайту және отандық экономиканы қалпына келтіру бойынша негізгі қорытындылар мен нәтижелер, ұсыныстар атап өтілді, конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда.