Деректерді талдау үшін экономикалық және математикалық әдістерді қолдану

01.04.2021

Көрулер: 1920

 

2021 жылдың 30-наурызында Экономика және бизнес жоғары мектебінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Деректерді талдауда экономика-математикалық әдістерді пайдалану» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

 
Семинар спикері: PhD Темербулатова Жансая Серікқызы.

 
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:

 

  • Эконометрикалық әдістерді қолдану;
  • Деректерді жинау, деректердің түрлері;
  • Сипаттамалық талдау, корреляциялық талдау;
  • Пирсонның жұптық корреляция коэффициенті, корреляциялық матрица;
  • Шашырау диаграммасы;
  • Панельдік деректерді пайдаланудың артықшылықтары;
  • Панельдік деректерді талдау нәтижелерін ұсыну;
  • Модель теңдеуі.