«Бизнес-технологиялар» кафедрасының студенті Көшетаев Диас академик Ш. Есенов атындағы стипендияны жеңіп алды

07.04.2021

Көрулер: 2025

 

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Логистика» мамандығының 3-курс студенті Көшетаев Диас 2021 жылғы академик Ш.Есенов атындағы стипендияны жеңіп алды.

 

Ғылыми-білім беру қоры Академик Шахмардан Есенов атындағы студенттерге ай сайынғы 27 000 теңгеге 17 айлық стипендия беруге конкурс өткізді. Кошетаев Диас оқу үлгерімі өте жақсы, кафедра мен университеттің өміріне белсенді қатысады, әрдайым ғылыми зерттеулерге, конкурстарға қызығушылық танытады, сонымен қатар волонтерлыққа да қатысады.

 

Аталмыш конкурстың бірінші туры тәуелсіз сарапшылардың студенттерде дәл осы қасиеттердің болуына қарай бағалап іріктеді.

 

Екінші турда онлайн-сұхбат жүргізіліп, қатысушылар бойындағы келесі қасиеттер бес балдық жүйемен бағаланды: олардың көшбасшылық қабілеттері, тапсырмаларды қою кезінде айқындық пен пайымдау, оқу қабілеті және жаңа ақпаратты тез қабылдау және талдау мүмкіндігі, коммуникативтілік; жаңа жағдайға бейімделу және стандартты емес шешімдерді табу мүмкіндігі; патриотизм, қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жетік білу сияқты т.б.

 

Біз студенттеріміздің жеңістері және олардың биік белестерде көрінуіне лайық екендігімен мақтанамыз!