Жаңалықтар

Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясы

29.03.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі 2021 жылдың 6 сәуірінде өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға Қазақстан Республикасы мен шетелдің студенттері, магистранттары мен жас ғалымдарын қатысуға шақырамыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ бағыты бойынша конференция тақырыбы – «Пандемиядан кейінгі әлем экономикасы: жас зерттеушілердің көзқарасы». Конференцияда әртүрлі ғылым салалары, соның ішінде экономика ғылымдары бойынша теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар қарастырылатын болады.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "QS Stars Rating System" халықаралық рейтингісінде"5 жұлдызға" ие болды

20.03.2021

Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби ат. ҚазҰУ-і жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. Британдық QS компаниясы жүргізген аудит университеттерді төрт негізгі топ бойынша бағалайды, оның құрамына 50-ден астам көрсеткіштен тұратын 12 кіші топ кіреді. Бұл университет қызметінің кең ауқымдығын және оның жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін дәлелдейді. Аудитке қатысатын әрбір кіші топ бойынша ЖОО-на бір жұлдыздан бес жұлдызға дейін баға беріледі, одан кейін жалпы рейтингтік балл шығарылады.

Ары қарай оқу >>

«әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ 51-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысу туралы

19.03.2021

Бүгін «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ 51-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысын аяқтады. Конференция онлайн режимде 17-19 наурыз аралығында, бір уақытта, ZOOM платформасындағы 13 бөлмеде өткізілді. №1 бөлмеде Экономика және бизнес жоғары мектебі, Заң факультеті және Халықаралық қатынастар факультетіне енетін «6В04 – Бизнес, басқару және құқық» мамандықтар тобы бойынша білім беру бағдарламаларын оқыту нәтижелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>

ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.03.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2020» байқауының жеңімпаздарын онлайн-режимде марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың сөз сөйлеуінен басталды. Министр Республиканың 46 жоғары оқу орнынан байқаудың 150 жеңімпазын, оның ішінде ҚазҰУ-дың 18 оқытушысын құттықтады. Марапатқа экономика кафедрасы профессорының міндетін атқарушы Ғалия Дәулиева да ие болды.

Ары қарай оқу >>

Маркетинг бюджетін қалай есептеуге болады?

16.03.2021

2021 жылдың 16-наурызында маркетинг сарапшы, бизнес-тренер, маркетинг және жарнама бойынша кеңес беруші, МВА, Қазақстанның жарнама мамандары Ассоциациясының «Маркетинг» Департаментының директоры және «Armat» зергелік компаниясының маркетинг директоры Виолета Красавкая әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» және «Логистика» мамандығы студенттері үшін «Маркетинг бюджетін қалай есептеуге болады?» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Ары қарай оқу >>

"ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы" журналы ҚР БҒМ БҒСҚК ұсынған басылымдар тізбесіне енді

14.03.2021

"ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы" (The Journal of Economic Research & Business Administration) журналы экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (БҒСҚК) ұсынатын басылымдар тізбесіне кіргенін қуана хабарлаймыз! Енгізу күні: 2021 ж. ақпан айы. Бұйрықтың нөмірі: 2021 ж. 03 наурыз № 194.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру байқауының жеңімпаздары

10.03.2021

Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымы PhD Жидебекқызы Ақнұрды, экономика ғылымдарының кандидаты Әшірбекова Лаура Жалғасқызын және экономика ғылымдарының докторы Спанқұлова Лазат Сейтқазықызын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің желісі бойынша 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде берілген қаржыландыруға арналған жобаларын мақұлдауымен құттықтайды және шығармашылық табыстар мен жоғары жетістіктер тілейді!

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ жас ғалымдарына жағдай жасалады

06.03.2021

ҚазҰУ жас ғалымдарының университетті дамытудағы рөлі мен үлесін талқылау, олардың шығармашылық жобалары мен бастамаларын қолдау және ғылыми идеяларын кеңейту мақсатында басқарма төрағасы - "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ" КЕАҚ ректоры Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ жас ғалымдарымен және университеттің жас ғылымдар кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуге ЭжБЖМ деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, PhD Жидебекқызы Ақнұр қатысып, жас ғалымдар мәселесіне қатысты пікір білдіріп, ойын ортаға салды.

Ары қарай оқу >>

ЭБЖМ деканы Сагиева Р.К. Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісімен марапатталды

05.03.2021

2021 жылдың 5-ші наурызында университеттің Ғылыми кеңес мәжілісінде Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы Сагиева Римма Қалымбекқызы Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісімен марапатталды. Төсбелгіні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы - ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы табыстады. Шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болып, биік белестерден көріне беруіңізге тілектеспіз.

Ары қарай оқу >>

Будапештік Метрополитен Университетінің профессоры Альфонс Энтонидің дәрісі

04.03.2021

2021 жылдың 4-наурызында сағат 17.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес технологиялар" кафедрасы Венгриядағы Будапешт Метрополитен университетінің профессоры, Еуропалық логистикалық қауымдастықтың вице-президенті, қазақстандық логистикалық кластердің мүшесі Альфонс Энтонидің қатысуымен онлайн дәріс өткізілді. Кездесу Zoom платформасында өтті. Дәріс тақырыбы: "Пандемияның жеткізу тізбегіне әсері". Бұл дәріс тыңдаушыларға шетелдік профессордың жеткізу тізбегін басқару саласындағы көзқарастары және пандемия кезінде халықаралық кәсіпорындар тап болған проблемалар туралы білуге мүмкіндік берді. Бұл дәріс пандемия кезінде жеткізу тізбегін басқарудың тиімді әдістері туралы сұрақтарға көп түсінік берді.

Ары қарай оқу >>