Жаңалықтар

ҚазҰУ Халықаралық “Working across borders – 2021” жобасына қатысуда

22.10.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері Халықаралық “Working across borders – 2021” жобасына қатысуда. Бизнес-кейстерді шешуге бағытталған жобаға 14 мемлекеттен 600-ге жуық қатысушы тіркелген.

 

Ары қарай оқу >>

Academic Collaboration Week

18.10.2021

Бүгін ҚР жоғары экономикалық білім беру саласындағы 30 жылдағы жетістіктерді талқылауға арналған Academic Collaboration Week басталды.

Academic Collaboration Week жұмысына шетелдік стратегиялық әріптес жоғары оқу орындарының өкілдері, жұмыс берушілер, түлектер мен жас кәсіпкерлер қатысуда.

Ары қарай оқу >>

К.Н. НӘРІБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

16.06.2021

2021 жылдың 18 маусымында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Абай атындағы ҚазҰПУ-де “Академик К.Н. Нәрібаевтың еңбектеріндегі Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуы мен жоғары білім беру жүйесінің қазіргі мәселелері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік бірлескен конференция өтеді. Атаулы іс-шара Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор К.Н. Нәрібаевты еске алуға арналған.

Ары қарай оқу >>

Қаржы қауіпсіздігі бойынша Халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдерімен онлайн-кездесу

11.06.2021

2021 жылғы 11 маусымда Қаржы қауіпсіздігі бойынша Халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдерімен онлайн-кездесу өтті. Олимпиаданың мақсаттары жастардың ақпараттық, қаржылық, құқықтық сауаттылығын және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған. Кездесуге ЭБЖМ, Халықаралық қатынастар факультетінің, Ақпараттық технологиялар факультетінің және Заң факультетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Олимпиаданы "Қаржы академиясы" АҚ КЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық желілік институтымен бірлесе отырып ұйымдастыруда және 2021 жылғы 15 маусымға дейін бірінші іріктеу кезеңі өткізілетін болады.

Ары қарай оқу >>

Экономика және бизнес Жоғары мектебі деканының талапкерлермен онлайн-кездесуі

08.06.2021

2021 жылдың 8 маусымында Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы Сагиева Римма Қалымбекқызының талапкерлермен онлайн-кездесуі өтті. Кездесуге факультеттің басшылық құрамы, кафедра меңгерушілері де қатысып, талапкерлердің сұрақтарына жауап берді. Бакалавриат, магистратура және докторантураға құжат тапсыру ережелері, факультеттегі білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері,  студенттік өмір және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Талапкерлерге! ЭБЖМ-нің деканымен онлайн кездесу

30.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті атанғыңыз келсе, факультет декандарымен өтетін онлайн-конференцияға қатысуға шақырамыз. Кез-келген үміткер көкейдегі сұрағына онлайн режимде жауап ала алады. Оқытушылар құрамы, факультеттердің білім беру бағдарламасы, оқуға қабылдау ережесі, қосымша курстар және тағы басқа мәселелер талқыланады. 30 мамыр – 9 маусым аралығында сағат 12:00–13:00 дейін бакалавриат, магистратура, докторантураға түсу шарттарымен танысуға мүмкіндік бар. ЭБЖМ-нің деканымен онлайн кездесу 8 маусым 16.00-де болады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенті "ТМД-ның үздік студенті" атағына ие болды

30.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес Жоғары мектебінің 1 курс студенті Берік Арайлым ТМД елдері арасындағы ең үздік студенттердің бірі болды. Халықаралық “Genius” спорт, өнер, білім және ғылым халықаралық онлайн конференция кезінде Арайлым жүлделі 1 орын дипломымен, “ТМД-ның ең үздік студенті” төсбелгісімен марапатталды және “Жас қыран” кітабына енгізілді.

Ары қарай оқу >>

ҚРТәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ЭБЖМ Түлектер Қауымдастығы кеңесінің онлайн форматтағы мәжілісі

29.05.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған әл-Фараби ат. ҚазҰУ-де ЭжБЖМ-бі Түлектер Қауымдастығы кеңесінің онлайн-форматта жыл сайынғы дәстүрлі отырысы 2021 жылы 29 мамырда сағат 12.00-де өткізілді. ЭжБЖМ-нің әр жылдардағы түлектері дәстүрлі Түлектер күніне үлкен ынтамен қатысты. Covid-19 пандемиясына байланысты әр жылдардағы түлектер биыл онлайн режимінде Zoom платформасында жиналды. Түлектер қауымдастығы кеңесінің отырысына әр жылдардағы экономика факультетінің түлектері, мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың, бизнес қауымдастықтардың, серіктес жоғары оқу орындарының, алыс және жақын шетелдердің Қазақстандағы серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері, ЭжБЖМ-нің оқытушылар мен студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Қауымдастырылған профессор" ғылыми атағын алумен құттықтау

25.05.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 21 мамырдағы № 441 "Ғылыми атақ беру туралы" бұйрығы негізінде әріптестерін 08.00.00 – Экономика мамандығы бойынша "қауымдастырылған профессор" ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтайды.

Ары қарай оқу >>

Финляндиядағы Хельсинки университетінің PhD, постдокторанты Дамиан Кедзиорадан дәріс

05.05.2021

5-мамыр 2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің, "Бизнес-технологиялар" кафедрасы Хельсинки университетінің (Финляндия) PhD, постдокторанты Дамиан Кедзиорамен "Инновациялық технологиялар - COVID-19 пандемиясы кезінде жеткізу тізбегіндегі кедергілерді жою құралы ретінде" тақырыбында онлайн-дәрісін өткізді. Дамиан Кедзиора инновациялық технологияларды зерттеумен және робототехниканы бизнесте қолданумен, сондай-ақ цифрлық бизнестің тиімділігін арттыру сұрақтарын зерттеумен айналысады.

Ары қарай оқу >>