Еңбек ұжымдарындағы қаржылық сауаттылық, іскерлік және білім беру ортасы: әлемдік және аймақтық үрдістер мен тенденциялар

02.04.2021

Көрулер: 1872

 

06-07 сәуір, 2021 жылы Ресейдің қаржылық сауаттылықты дамыту қауымдастығы Орел қаласы И.С. Тургенев атындағы Орловский Мемлекеттік университеті, Мәскеу қаласы Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, Қазан қаласы Қазан федералдық университеті, Рязань қаласы В.Ф. Уткин атындағы Рязань мемлекеттік радиотехникалық университеті, Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университтері сияқты ЖОО біріге отырып,  «Еңбек ұжымдарындағы қаржылық сауаттылық, іскерлік және білім беру ортасы: әлемдік және аймақтық үрдістер мен тенденциялар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.

 

Мақсатты аудитория - қаржылық білім берудің еріктілері, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, студенттер және халықтың қаржылық мәдениетінің деңгейін көтеруге мүдделі басқа адамдар.

 

Конференция бірінші кезекте қаржылық мәдениетті жетілдіруге және қаржылық білімді дамытуға, сондай-ақ еңбек ұжымдарында, іскерлік және білім беру ортасында қаржылық сауаттылықты дамыту саласындағы ғылыми және практикалық тәжірибемен, идеялармен және пікірлермен алмасуға бағытталған. Еріктілер жұмысын белсенді түрде енгізіп жатқан жетекші жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен өкілдері қаржылық білім беруді дамыту және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру туралы әңгімелеседі.

 

Іс-шараға қатысу алдын-ала тіркелу арқылы тегін.

 

Тіркелу: https://fincubator.ru/conference және https://leader-id.ru/events/194668