Қазақстандағы шынайы маркетинг

29.03.2021

Көрулер: 1897

 

2021 жылы 11 наурыз күні OLX Казахстан компаниясының маркетинг және бизнес-жобалар бойынша директоры Станислав Дубинчик Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» мамандығының студенттеріне және магистранттарына «Қазақстандағы шынайы маркетинг» тақырыбында мастер-класс өткізді.

 

Мастер-класс шеңберінде тыңдаушылар тәжірибелік мысалдарда OLX Казахстан компаниясында маркетингтік заманауи әдістерін пайдалануды, маркетингтік индустрияның өзекті даму барысы туралы білді.

 

Қонақ маркетинг саласында өзінің кәсіби тәжірибесі туралы айтты, ал жас мамандар берілген салада маңсаптық мүмкіндіктерге қатысты сұрақтар қойды. Сарапшының ойы бойынша, маркетологтың табысты жұмысының негізгі кепілі - талдауға, сандармен жұмыс істеуге қабылеті болуы керек және өз тұтынушалырын білуі қажет. Сондықтан жақсы маркетолог өз аудиториясымен байланыс орнатып, оның қажеттіліктерін жақсы білуі тиіс.