Жаңалықтар

“Ғылымға әркімнің-ақ бар таласы...” тақырыбнда 3-курс студенттерімен кездесу өтті

13.11.2023

“Ғылымға әркімнің де бар таласы...”. 8.11.2023 күні осындай атаумен “Есептеу ғылымдары және статистика” кафедрасы оқытушы-профессорлар құрамы мен 3 курс студенттерінің кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

РҒА академиктері Асқар Ақаев пен Роберт Нигматулин ҚазҰУ ғалымдарымен кездесті

10.11.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ресей Ғылым академиясының академигі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Асқар Ақаев пен Ресей Ғылым академиясының академигі, РҒА Мұхиттану институтының ғылыми жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы Роберт Нигматулин механика-математика факультетінің ғалымдарымен, оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

Ары қарай оқу >>

"Республика күні – жасампаздық мерекесі"

31.10.2023

2023 жылғы 25 қазан күні механика-математика факультетінің білім алушы жастары тұратын №6 Студенттер үйінде Республика күні аталып өтті. Өнерпаз студенттердің күшімен дайындалған «Республика күні – жасампаздық мерекесі» атты концерт қойылып, «Жарасады жастарға» атты поэзиялық сырласу сағаты өтті.

Ары қарай оқу >>

Академик Н.Қ. Білиевке құрмет көрсетіліп, алғыс хатпен марапатталды

30.10.2023

Биылғы оқу жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң құрылғанына 90 жыл толатыны белгілі. Механика-математика факультеті айтулы мерейтойға арнап тарихи танымдық кездесулер ұйымдастыруды қолға алды. Соның алғашқысы «Тұлғаны тану – елді тану» деген айдармен 28.10.23 күні (сенбі) сағат 13:00-де Қызыл залда өтті. 

Ары қарай оқу >>

Математика пәнінен халықаралық интернет-олимпада

26.10.2023

«Ғылым мен білім саласындағы жаратылыстану, нақты және математикалық ғылымдарды зерттеу мен дамытуға жиырма жыл» іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында Тәжік ұлттық университетінде жоғары оқу орындарының 1-5 курс студенттері арасында математикадан халықаралық интернет-олимпиада өткізілуде.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы Эразмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Пуатье университетінде болды

23.10.2023

2023 жылдың 16-20 қазан аралығында Эразмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Пуатье университетіне (Пуатье, Франция) Ақпараттық технологиялар факультетінің жасанды интеллект және үлкен деректер кафедрасының меңгерушісі Мансурова Мадина Есімханқызы және Досжан Нұрсұлтан Сағынайұлы, механика-математика факультеті деканының ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары барды.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультетінің студенттері қосымша мемлекеттік грантқа тағайындалды

17.10.2023

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына сәйкес Механика-математика факультетінің «Есептеу ғылымдары және статистика» мамандығының 2 курс студенті АХМЕТЖАН Алишер мен «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының 3 курс студенті ЖОЛДАС Бекжанға қосымша мемлекеттік грант тағайындалды. 

Ары қарай оқу >>