Қазақстан-Франция Жоғары оқу орындарының VIII форумы

03.11.2023

Көрулер: 395

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындарының VIII халықаралық форумы аясында іс-шаралар өтті.

    Шараға Францияның Алматыдағы бас консулы Фабрис Неве, мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесші Алекс Бортолан, Абай атындағы ҚазҰПУ «Сорбонна-Қазақстан» институтының және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Геоэнергетика» орталығының директоры Агнес Буссе,  Францияның ЖОО, сондай-ақ кәсіпорындарының ғалымдары мен қызметкерлері, Қазақстан  университеттерінің оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

                              

    Қазіргі таңда ҚазҰУ Францияның 21 университетімен тығыз жұмыс істейді. 2022-2023 жылдар аралығында университет алған 189 гранттың 42-сі француз серіктестерінің қатысуымен бірлескен халықаралық жобаларға арналды.

    Франция жоғары оқу орындарымен бірлесіп мұнай және газ, ақпараттық технологиялар, биотехнология және баламалы энергетика саласындағы қос диплом бағдарламалары іске асырылуда. ҚазҰУ базасында «Геоэнергетика» Қазақстан-Француз ғылыми-білім беру орталығы құрылды. Университет француздық Total Energy компаниясымен бірлесіп бірнеше жоба дайындауда әрі өзге де перспективалық бастамаларды жүзеге асырып отыр.

     2022 жылы Парижде өткен Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындары ректорларының VІІ форумы аясында ҚазҰУ жетекші француз университеттерімен: Париж қаласындағы политехникалық зерттеу институтымен (Sciences Po Париж), Лотарингия университетімен, Шампань-Арденна Реймс университетімен келісімдерге қол қойған болатын.

     Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындарының VIII халықаралық форумына механика-математика факультетінің ғылыми инновациялық және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары Досжан Н.С., механика кафедрасының профессор м.а., доцент, "Механика және энергетика" қос дипломды білім беру бағдарламасының координаторы Беляев Е.К. қатысып, баяндама жасады. Баяндамада геоэнергетика орталығының тарихы, қазіргі жұмыс барысы және жеткен жетістіктері туралы айтылды. Сонымен қатар Беляев Е.К. Лотарингия университетімен бірлескен (Нанси, Франция) бірлескен және атқарылып жатқан жобалар туралы баяндады. Форум нәтижесінде Досжан Н.С. француздық жетекші компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді.