"Республика күні – жасампаздық мерекесі"

31.10.2023

Көрулер: 437

     2023 жылғы 25 қазан күні механика-математика факультетінің білім алушы жастары тұратын №6 Студенттер үйінде Республика күні аталып өтті. Өнерпаз студенттердің күшімен дайындалған «Республика күні – жасампаздық мерекесі» атты концерт қойылып, «Жарасады жастарға» атты поэзиялық сырласу сағаты өтті.

                

     Аталған соңғы шарада факультеттің аға кураторы Болат ӘБЕНОВ өзінің жастарға арналған үлгі-өнеге боларлық жырларын оқып, математика кафедрасының меңгерушісі Қанжарбек Иманбердиевпен бірге домбырамен сүйемелдеп, әндер орындады. Автор студенттерді толғандырып жүрген өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға да толымды жауап берді. Ұстаздарының өнеріне тәнті болған білім алушылар үлкен ризашылық білдіріп, алғыс айтып тарасты.

            

     Мерекелік шаралардан кейін кезекшілік атқарған деканның орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері студенттерге өздері жүргізетін пәндер бойынша кеңестік көмектерін көрсетті.