Механика-математика факультетінің студенттері қосымша мемлекеттік грантқа тағайындалды

17.10.2023

Көрулер: 384

     ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына сәйкес Механика-математика факультетінің «Есептеу ғылымдары және статистика» мамандығының 2 курс студенті АХМЕТЖАН Алишер мен «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының 3 курс студенті ЖОЛДАС Бекжанға қосымша мемлекеттік грант тағайындалған болатын.

     Сондықтан өткен аптаның сейсенбісінде факультет деканы, ф.-м.ғ.д., профессор У.С.Әбдібеков пен оның орынбасарлары аталған студенттердің сабақ өтіп жатқан аудиторияларына барып қосымша берілген тегін оқу гранттарын табыс етті. Үздік оқу, табандылық пен еңбекқорлық нәтижесінде қол жеткізген жеңістерімен құттықтап, ата-аналарын әрі қарай қуанта берулеріне тілектестіктерін білдірді.