Академик Н.Қ. Білиевке құрмет көрсетіліп, алғыс хатпен марапатталды

30.10.2023

Көрулер: 394

      Биылғы оқу жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң құрылғанына 90 жыл толатыны белгілі. Механика-математика факультеті айтулы мерейтойға арнап тарихи танымдық кездесулер ұйымдастыруды қолға алды. Соның алғашқысы «Тұлғаны тану – елді тану» деген айдармен 28.10.23 күні (сенбі) сағат 13:00-де Қызыл залда өтті. Кеш қонағы – ұлағатты ұстаз, аға буын өкілі, факультеттің абызы, ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Халықаралық Бірінші дәрежелі Хорезми сыйлығының иегері, Қазақстан ғылымы мен жоғары білімін ұйымдастырушы қайраткер-ғалым, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор БІЛИЕВ Назарбай Қыдырұлы болды. 

         

      Факультеттің профессор-оқытушылар құрамымен, қызметкерлерімен және студенттерімен ұйымдастырылған бұл ғажайып танымдық және өнегелі кездесуде ұстаз-ғалымның шәкірті, профессор м.а. Г.Е.Абдуахитова кейіпкердің өмірі, қызметі мен ғылыми жетістіктері туралы қызықты баяндама жасап, ізін басып келе жатқан профессор-әріптестері М.Б.Тулегенова, Н.Махмеджанов, Т.Ж.Елдесбай жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді. Студенттер академикке өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Өнерлі жастар ән салып, күй орындады.Кеш соңында профессор Н.Қ.Блиевтің иығына шапан жамылып, үлкен құрмет көрсетілді және алғыс хат пен сыйлық кітаптар табысталды.