«ҚазҰУ түлегінен 5 кеңес» атты тақырыпта көшбасшылық дәріс

17.09.2020

Көрулер: 1754

2020 жылдың 10 қыркүйегінде ZOOM онлайн-платформасында эдвайзерлер Ж.Б. Тоқтарова мен Е.В. Кимнің ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің 2018 жылғы түлегі Қайрахметов Рустамның «ҚазҰУ түлегінен 5 кеңес» атты тақырыпта көшбасшылық дәрісі өткізілді. Рустам Мәскеуде Samsung Electronics компаниясында инженерлік-технологиялық бөлімнің жетекші маманы ретінде жұмыс істейді.

Қайрахметов Рустам дәріс барысында студенттік жылдарды қалай табысты өткізу туралы кеңестерін айтты. Оңтүстік Кореядағы, сондай-ақ әртүрлі халықаралық компанияларда өткен тағылымдамалары туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Дәрістен кейін бірінші курс студенттері корей тілін үйренудің қиындықтары, студенттер оқуды аяқтағаннан кейінгі мүмкіндіктер, шетелдегі өндірістік тәжірибе, Кореядан алған алғашқы әсері туралы сұрақтар қойып, кездесу әрі қарай сұрақ-жауап түрінде жалғасты. Бұл кеш пандемияға байланысты онлайн оқуға мәжбүр болған студенттердге күш-жігер беріп, ынталандырды. Қайрахметов Р. таңдалған тілді ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілін үйренудің және қосымша дағдыларды игерудің маңыздылығын атап өтті. Бұл болашақта жұмыс табуға көмектесетіні туралы айтты.

ҚазҰУ түлегінің 5 кеңесі:

1) Арманыңызға және өз күш-жігеріңізге сеніңіз;

2) Үлкендердің кеңестері мен пікірлеріне құлақ асыңыз;

3) Спортпен шұғылданыңыз;

4) Жағымсыз және пассивті адамдардан аулақ болыңыз;

5) Қарапайым болыңыз және қиындықтардан қорықпаңыз.