Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР

18.03.2020

Алматы қаласында орналасқан Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Білім беру Орталығы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының негізгі серіктестірінің бірі.

Ары қарай оқу >>

WЕ PARTNERS-ТЕГІ МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМ

17.03.2020

Мен WE Partners халықаралық компаниясында 2020 жылдың 10 ақпанынан 14 наурызына дейін тәжірибеден өттім. WE Partners Alliance (Дүниежүзілік атқарушы серіктестер) – бұл Украинада мен Қазақстандағы WE Partners серіктестігі

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ БЕРЕР МҮМКІНДІКТЕР

16.03.2020

Әдетте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері тәжірибесі мол өндірістік практикадан өтеді.Өндірістік практика Қиыр Шығыс елдерімен яғни Корея, Жапониямен тығыз байланыста болады. Жыл сайын жапонтану бөлімінің студенттері New&Rare resources компаниясында өндірістік практикадан өтеді.

Ары қарай оқу >>

ТҮРКІТАНУШЫ, ҒАЛЫМ ФАКУЛЬТЕТІМІЗДЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

05.03.2020

04.03.2020 күні Қытай Халық Республикасы Орталық Ұлттар университеті, Қазақ филологиясы факультетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы, танымал түркітанушы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы факультетімізде қонақта болып, «Түркітану» және «Шығыстану» мамандығының студенттері мен магистранттарына дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

ЖҰМЫС БЕРУШІМЕН КЕЗДЕСУ

02.03.2020

Оқуды бітірер алдында студенттер көптеген сұрақтарға жауап іздейді, соның ішіндегі маңыздыларының бірі – жұмысқа орналасу мәселесі. Осы орайда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасы «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ-ның басқарушы директоры Н.М.Жаксыкелдинов мырзаны "Университетті бітіргенге дейін мен қандай болуым керек" деген тақырыпта дәріс оқуға шақырды.

Ары қарай оқу >>

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де кезекті республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

02.03.2020

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ- де «Шетел тілдері: түрік тілі» мамандығының топтары арасында кезекті республикалық студенттік пәндік олимпиада ұйымдастырылып өткізілді. Олимпиадада 455 студент өз күштерін сынап көруге ұсыныс білдірді. Қазақстанның 12 қаласынан 23 ЖОО қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

29.02.2020

Алматы қаласы А.П.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханасында «Діни экстремизм, терроризм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында дөңгелек үстөл ұйымдастырылды. Аталмыш шараға,: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен білікті мамандары арнайы қонақтар ретінде шақырылды. Кездесуге Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі, доцент Сүлейменов Пірімбек Мұханбетұлы, осы кафедраның аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Мадияров Мирхат Мұратұлы және аға оқытушы, PhD докторы Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы қатысып, жастарға ақыл кеңестерін айтты, ойларын ортаға салушы жасөспірімдер, Рузуддинов атындағы стомотология коледжі студенттері мен № 147 мектеп – гимназиясының оқушылары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Пәкістан Ислам Республикасының мемлекет хатшысы доктор Надим Шафик Малик мырзамен кездесу

24.02.2020

2020 жылғы 21 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінде Пәкістан Ислам Республикасының мемлекет хатшысы доктор Надим Шафик Малик мырзамен кездесу өтті. Кездесуге деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөнінен орынбасары С.Т.Джакубаева кафедра меңгерушісі П.М.Сулейменов, З.Е.Искакова, А.Тұрар, Н.Оспан т.б оқытушылар қатысты. Мәртебелі қонақтарды Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре мырза арнайы қабылдап, Шығыстану факультетінің тыныс-тіршілігімен жақыннан таныстырды. Факультеттегі ғылыми орталықтарды, кафедраларды, «Шығыс музейін» аралап көрсетті. Сондай-ақ урду, хинди тілдеріне қарасты кабинеттерді көрумен қатар осы тілдерді үйреніп жатқан студенттермен және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлары құрамымен Пәкістан Ислам Республикасының "Ұлт Көсемі" Мухаммад Али Джинна атындағы орталықта кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Пәкістанның жоғары оқу орындары, академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды, Пәкістан мен Қазақстан арасындағы келісім және де екі ел арасындағы келешектегі қызметтестік үрдісі жайлы көзқарасын білуге мүмкіндік алынды, құрметті қонағымыз студенттердің сұрақтарына жауап беріп, студент жастарды жан-жақты білім алуға шақырды. Факультет деканы Ықтияр Палтөре мырза өз сөз кезегінде доктор Надим Шафик Малик мырзаның келгеніне алғыс білдіріп, мұндай кездесулердің оқу-мәдени тұсымен қатар саясат тұсынан да маңыздылығын атап айтты. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көп жылдарға созылған достық қатынастардың ары қарай да кіршіксіз жалғанатынына сенім білдірді. Кездесуге қатысқан студенттер де осы сынды кездесулердің жаңа тілді оқып білуде өте көп мотивация беретінін жеткізді. Қонақтар үшін шығыстану факультетінде Мухаммад Али Джинна атындағы орталықтың ашылғаны, студенттердің урду тілінде өлең жолдарын оқығандығы және бұл тілді өте жақсы меңгергендігі тосын сый болды. Өзі меңгеріп жатқан тілдің азаматтарымен кездесу, олармен тіл табысу, әсіресе 1 курс студенттері үшін жақсы әсер қалдырды. Бұл кездесуде Пәкістанның Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Коммерциялық консулы Мухаммад Фарук, Алматыдағы Пәкістан Ұлттық Банкінің Басқарма Төрағасы Мухаммад Рафик мырзалар да қатысып, өз тілек-ризашылықтарын білдірді.

Ары қарай оқу >>

КОРЕЙТАНУ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС КОНСУЛЫ АРНАЙЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

22.02.2020

2020 жылдың 21 ақпанында корейтану апталығы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында Корея Республикасының Бас консулы Ким Хынг Су «Корей түбегін біріктіру саясаты және болашақтағы ынтымақтастық» тақырыбында арнайы дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби мұрасы

21.02.2020

2020 жылдың 29-қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ЮНЕСКО ұйымының қолдауымен ежелгі Отырар қаласының ұлы перзенті Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту елімізде үлкен салтанатпен басталды. Еліміздің Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту үшін дайындық жұмыстары өткен 2019 жылы басталып кеткен еді.

Арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, ғалымның әлем мұрағаттарында сақталған жазба мұраларын іздестіру, қолжазбаларын жинау, оқу, зерттеу, ғылыми айналымға енгізу бойынша ғалымдарымыз кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Осындай игі істің бірі, энциклопедист-ғалымның есімін ұлықтау ҚР Ұлттық кітапхана жанынан ашылған Әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығында аталып өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (ҚазҰУ) Халықаралық «Абай» клубымен бірлесе отырып, Әбу Насыр әл-Фарабидің 15 томдық шығармалар жинағының тұсаукесерін жасады.

Айтулы жиынды қоғам қайраткері, мәдениеттанушы М.М.Әуезов ашты. Ғалым Отырар ойшылы мұраларының Қазақстанда алғаш зерттелуі өткен ғасырдың ортасынан басталғанын, сол уақыттан бері белгілі ғалым, фарабитанушы А.Машанов негізін қалаған отандық фарабитану ғылымының ізін жалғастырып келе жатқан ғалымдар мен зерттеушілер, аудармашылардың ерен еңбегін атап өтті.

Баба мұрасының көптомдық шығармаларының жарық көруіне тікелей басшылық еткен белгілі ғалым, жазушы, Халықаралық «Абай» клубының директоры Р.Сейсенбаев «Мына дүниеде екі нәрсеге қызмет ету керек. Бірі – Құдай, екіншісі -әулиелер. Сол әулиелердің бірі – әл-Фараби» деген ол, ғалым еңбектерінің адамзат баласының ұлы мұраты, өмірлік темірқазығы екенін жастардың санасына сіңіру – ұлт алдындағы парыз деп баса көрсетті.

Әл-Фараби томдықтарының тұсаукесеріне ҚазҰУ-дың «Әл-Фараби» орталығының директоры Б.Мейірбаев, Шығыстану факультетінің деканы Ы.Палтөре, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі П.Сүлейменов және өзге де факультет басшылары мен қызметкерлері, оқытушылар мен докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Адамзат баласының данасы, Отырардан шыққан ойшыл мұрасының көптомдығы қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың ақ батасымен оқырманға жол тартты.

Ары қарай оқу >>