ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН АЛҒАШҚЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ

08.09.2020

Көрулер: 1548

           2020 жылдың 1 қыркүйегі күні Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлының басшылығымен 1-курс студенттеріне арналған онлайн кездесу ұйымдастырылды.

          Ең алдымен сөз кезегін алған факультет деканы жастарды студент атануларымен құттықтай отырып, жақсы оқып, жан-жақты білімді азамат болуларына зор сенім білдірді.

          Кездесу барысында студентке тән міндеттер түсіндірілді. Сондай-ақ факультеттегі кафедра меңгерушілерін жеке жеке таныстыра отырып, әрбір студент таңдаған тілі бойынша кафедраларда, топ эдвайзерлермен қашықтан жұмыс жасайтындығын айтты. Кафедра меңгерушілері де 1-курс студенттерін құттықтай отырып, өздерінің ізгі тілектерін жеткізді.

          1-курс студенттеріне университет, факультет тынысы туралы арнайы дайындалған шағын видеолар ұсынып, өткен оқу жылында өткізілген түрлі іс-шаралармен таныстырылды. Университетімізде ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатының идеясы негізінде құрылған қайырымды қоғам азаматтарын қалыптастыруға бағытталған білім беру ерекшелігі түсіндіріліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

         Онлайн фарматында өткен алғашқы тәрбие сағатына жүзден аса 1-курс студенттері қатысып, бағыт-бағдар алды.