ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ӨТЕТІН ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ТҮЛЕКТЕРІ КҮНІ

28.05.2020

Көрулер: 1812

 

 

Құрметті Шығыстану факультетінің түлектері! Сіздерді түлектер күніне арналған жыл сайынғы дәстүрлі кездесуге шақырамыз!

      30 мамыр күні сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Түлектер күні» мерекесін биыл онлайн форматта өткізеді. Шетелдік дипломаттардың Еліміздегі шығыстану саласынының дамуына, Ұлттық арнада журналистика саласына да өз шеберліктерін танытып жүрген, республикамыздың сан-саласында, оның ішінде Сыртқы Істер Министрлігінде, Қауіпсіздік саласында, Мемлекеттік органда, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан ардақты факультет түлектері, Шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттердің қатысуы жоспарлануда.

           Іс-шара Microsoft Teams платформасында өткізіледі.

      Байланыс үшін: +7 747 341 1591, Шынар Ерланқызы, деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

ТҮЛЕКТЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

 

     Өткізу уақыты: 30 мамыр 2020 жыл

     Басталуы: 12:00 Ұзақтығы: 2 сағат

     Модератор: Факультет деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы

     Онлайн шараны өткізу платформасы: Microsoft Teams

     Сілтемесі: https://teams.microsoft.com/l/team/19%3af244d2e609284fd98a272116de13d292%40thread.tacv2/conversations?groupId=8c044812-5451-4574-bc11-58baa416eb01&tenantId=b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b

                                                            

 БАҒДАРЛАМА

 

  1. Кездесуді бастау және қатысушыларды қарсы алу - Шығыстану факультетінің деканы, PhD Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы 
  2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтановтың құттықтау сөзі
  3. ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері ассоциациясының президенті Қ.А.Мәмидің құттықтау сөзі
  4. Презентация университет пен факультет жетістіктері Шығыстану факультетінің деканы, PhD Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы 
  5. Мерейлі жылдар түлектерінің құттықтаулары:

          - құттықтау видеожолдаулар

          - 1985 жылғы түлек Керім Шамшәдин Тұрсынұлы 

          - Шығыстану факультеті Түлектер Қауымдастығы Кеңесінің төрағасыСабыр Мұрат Бөкенбайұлы,

          - түлектердің пікірлері.

      6. Шығыстану факультеті студенттерінің әншашуы.

      7. Кездесуді қорытындылау - Шығыстану факультетінің деканы, PhD Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы