Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының түлектері онлайн форматында кездесу өткізді

30.05.2020

Көрулер: 1705

Әбу насыр Әл-Фарабидің 1150 жылы аясында ұйымдастырылған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер күніне орай, жылдағы дәстүр бойынша 30 мамыр күні ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының түлектері де онлайн форматында бас қосты. Бұл жылғы өткен іс-шара бұрынғыдан ерекше, оның себебі елімізде орын алған келеңсіз жағдайларға байланысты онлайн форматында өтуі. Бұл себептерге қарамастан түлектер күні ерекше дайындықпен, жоғары көңіл күймен атап өтілді.  

Қазіргі таңда еліміздің түкпір түкпірінде, алыс жақын шет елдерде, түрлі салаларда қызмет атқарып жүрген, қытайтану кафедрасынан түлеп ұшқан түлектер бұл шараға белсене қатысып, өздерінің жүрекжарды лебіз-тілектерімен, естеліктерімен бөлісті. Аталмыш іс-шара Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтановтың, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері ассоциациясының президенті Қ.А.Мәмидің, шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Молдатөреұлының құттықтау сөздерімен басталып, шығыстану факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызының, тарих ғылымдарының докторы, профессор Набижан Мұқаметханұлының, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаевтың, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем Тілдер Университеті, шығыстану факультетінің деканы, PhD Дәуен Динара Бақыткерейқызының және тағы да басқа ұстаздар қауымы мен мерейлі жылдар түлектерінің құттықтауларымен жалғасын тапты.

Факультет деканы Ықтияр Молдатөреұлы мен қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызының, факультет пен кафедра ұжымының жоғары ұйымдастырушылық шеберлігінің арқасында, онлайн форматында өткен түлектер күніне қатысушылар жоғары баға беріп, алғыстарын жеткізді.