Жаңалықтар

ҚазҰУ-да «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты студенттік конференция өтті

29.04.2012

25 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен бірлесіп «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты ХХVІІ халықаралық ғылыми студенттік конференция өткізді.

Ары қарай оқу >>

Магистрлік бағдарламаларды жетілдіру жолдары артып келеді

28.04.2012

ШЫҰ мүше – мемлекеттердің жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы жөніндегі Меморандумды жүзеге асыру негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «МИСиС» ұлттық зерттеу технологиялық университетімен «Нанотехнология» бағыты бойынша ШЫҰУ аясында магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде келісім-шартқа қол қойды.

Ары қарай оқу >>

Фазылхан Байымбетов атындағы аудитория ашылды

28.04.2012

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінде физика ғылымдарының доктор, профессор, әлемдік деңгейдегі ғалым Фазылхан Байымбетов атындағы дәрісхананың салтанатты ашылуы болды.

Ары қарай оқу >>

Студенттік «Ағылшын тілі» фестивалі

28.04.2012

27 сәуірде химия және химиялық технологиялар факультеті Малахит залында жаратылыстану факультеттеріндегі ағылшын тілі клубтарының ұйымдастыруымен "Brighten the corner where you are!" («Айналаңды нұрландыр») атты ағылшын тілі фестивалі өтті. Фестивальға университет басшылығы, барлық факультет оқытушылары мен студенттері атсалысып қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Өркениеттің адасуы»

28.04.2012

27 сәуірде «Қолданбалы механиканың қазіргі мәселелері» ғылыми үйірмесінде «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» шығармасына арналған дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Мапсапқа қол жеткіз

27.04.2012

27 сәуірде күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «ХХІ ғасыр мансабын құр» атты ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде Қазақстанның 50 ірі компанияларының бос жұмыс орындары мен стендтік сессиялары жұмыс жасады.

Ары қарай оқу >>

Студенттер арасында аэробикадан фестиваль өтті

27.04.2012

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде аэробикадан факультетаралық фестиваль өтті. Биыл фестиваль ашық түрде өткізіліп, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының командалары шақырылды. Жарыс «Спорттық аэробика» және «Біртума жанр» номинациялары бойынша өтті. Фестивальға 13 факультеттің 24 командасы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университет, Қазақ қыздар педагогикалық университеті, Санкт-Петербергтың кәсіпорындар университетінің Алматыдағы филиалы, Каспий әлеуметтік университет командалары қатысты. Қазылар алқасы ретінде Алматы қаласы фитнесс және аэробика Ассоциациясының Президенті Элина Алимжанова бастаған аталған ассоциацияның мүшелері шақырылды.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» аясында кеш өтті

27.04.2012

Жуырда халықаралық қатынастар факультетінде «100 кітап» апталығының аясында Дипломатиялық аударма кафедрасының куратор-эдвайзерлеріГ. Абдвахитова, Г. Тілеужанова халықаралық құқық 13,15 топтарының студенттерінің қатысуымен «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған...» атты М.Мақатаевқа арналған шығармашылық кеш ұйымдастырды. Кешке факультеттің аға куратор-эдвайзері Гүлшат Ахметалиева, дипломатиялық аударма кафедрасының доценті Г.Сулейменова қатысты.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» апталығы аясында кеш өтті

26.04.2012

26.04.2012 жылы мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 312 аудиториясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтановтың бастамасымен ұсынылған және оқытушы-профессорлар тарапынан қолдау тапқан «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» атты жобаны іске асыру мақсатындағы «100 кітап» апталығы аясында студенттерге «Заманай» фильмін көрсетіп, талдау шарасы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» апталығы аясында кеш өтті

26.04.2012

26.04.2012 жылы мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 312 аудиториясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтановтың бастамасымен ұсынылған және оқытушы-профессорлар тарапынан қолдау тапқан «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» атты жобаны іске асыру мақсатындағы «100 кітап» апталығы аясында студенттерге «Заманай» фильмін көрсетіп, талдау шарасы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

26.04.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «100 кітап» апталығы өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 23 сәуір мен 3 мамыр аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2012 жылғы жалпыуниверситеттік «100 кітап» апталығы болады.

Ары қарай оқу >>

"Мәдениет" телеарнасы

26.04.2012

Камал Смайылов туралы екі кітап жарық көрді

Алматыда Камал Смайыловтың 80 жылдық мерейтойы аясында жарық көрген «Сан қырлы тұлға» және «Өнегелі өмір: Камал Смайылов» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Камал Смайыловтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін сериялық кітаптарға қаламгердің таңдаулы туындылары мен мақалалары, фотосуреттері мен мұрағат құжаттары енген, сонымен қатар қайраткердің көзін көріп, тәлім-тәрбие алған шәкірттерінің, замандастарының, көрнекті тұлғалардың естеліктері топтастырылған.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 16.04.2012.-21.04.2012

25.04.2012

  • ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз хатшысы, «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы президентінің кеңесшісі, «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «ҚазАқпарат» ҰАА арнаулы тілшісі Нұрғалиева Сара Қабиқызы келді
  • ҚазҰУ-да Наурыз тойланды
  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түркі тілдес Википедиалардың халықаралық конференциясы өтеді
  • “ЖОО және аймақтардағы жастар өзін-өзі басқару ұйымдарының дамуындағы студенттік қоғамдық бірлестіктердің рөлі” атты II Халықаралық студенттік форум өз жұмысын бастайды.
  • ҚазҰУ-да «Қазіргі әлемдегі ислам: даму барысы мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми симпозиум өтуде
  • Студенттік «Біз» театры жаңа қойылым тұсаукесерін жасады
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да Наурыз тойланды
  • ҚазҰУ-да 11 метрлік «Алматы» пирогы жасалады
  • ҚазҰУ-да «әл-Фараби» олимпиадасы өтеді
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай институтында «Абай және қазіргі заман» атты халықаралық үшінші конференция өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да қазақ мақал-мәтелдер кітабының тұсаукесері өтті
  • Философия және саясаттану факультетінде Сәбит Жүсіпов атындағы шәкіртақы сайысының иегерлері белгілі болды.
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік Наурыз тойландым
  • ҚазҰУ-да «100 кітап» апталығы басталады
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 09.04.2012.-14.04.2012

25.04.2012

  • Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтың 80 жасқа толуы қарсаңында және «Алматыдағы мәдениет жылы аясындағы» философия ғылымдарының докторы, профессор Молтобарова Күмісбала Ишанқызының «Режиссер Мәмбетов феномені» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.
  • Тұрақты даму мәселелері
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де төрт кітап пен «Аманат» журналының Қытай мәдениетіне арналған санының тұсаукесері өтті
  • Тақырып жалғасы Бектас Бекназаровпен кездесу өтті
  • «Біз темекіге қарсымыз» атты студенттік акция өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік сенбілік өтті.
  • Тақырып жалғасы «Бекмаханов оқулары» өтті
  • ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік Наурыз тойланады
  • Философия және саясаттану факультетінде Нығмет Рахметұлы Жотабаевтың «Ядролық сынақтардың ұзақ жаңғырығы» атты монографиясының тұсаукесері өтті
  • 21 сәуір ҚазҰУ-да аэробикадан ашық фестиваль өтеді
  • 17 сәуір күні «Жеті муза» қоғамы Астана қаласы жастар театрының шығармашылық ұжымымен кездесу өткізеді
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері 100-ге жуық шырша отырғызды

25.04.2012

25 сәуір күні Іле Алатау табиғи саябағының ұйымдастыруымен өткен «Жер – бізге және ұрпаққа!» атты акциясына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Энерго эколог» клубы мен Студенттер Сенаты қатысты. Акция қатысушылары «Горное солнце» лагерінің ауласында 100-ге жуық шырша ағаштарын отырғызып, абадаттандырды.

Ары қарай оқу >>

«ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ, СТУДЕНТ ?»

25.04.2012

Құрметті студенттер!!!

2012 жылғы сәуір айының 27-жұлдызында

ҚР «Жастар саясаты туралы» заңы төңірегінде

«ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ, СТУДЕНТ ?» атты құқықтық-танымдық кездесу өтеді.

Шараға заң факультетінің белді ұстаз-профессорлары қатысады.

Өзіңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызға кәсіби жауап алуға асығыңыз!

Өтетін орны: мехматтың САРЫ САЛТАНАТ ЗАЛЫ

Басталуы: 1320 сағатта

Дифференциалдық теңдеулер

және басқару теориясы кафедрасы

Ары қарай оқу >>

«Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер» тақырыбында дәрістік кездесу өтті

25.04.2012

24 сәуірде заң факультетінде Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік төлемдердің түрлері, олардың тағайындалуы жөнінде жалпылай түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер» тақырыбында дәрістік кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

Аlma mater ҚазҰУ аруы – 2012 таңдады

24.04.2012

Университетте сұлулыққа құштар, әсемдікке әуес табынушылардың көптен күткен оқиғасы ұйымдастырылды. Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «ҚазҰУ аруы-2012» ғашайып шоуы өтті.

Биыл біздің ЖОО-ның бірінші ханшайым атануға сұлу да көркем, тартымды да келісті 300 студент-үміткер қатысты. Олардың ішінен ең лайықты деген 13-і ақтық сынға жолдама алған.

Қатысушылар, байқау талабы бойынша қайталанбас шығармашылық бағдарламалар дайындап, ұлттық стилдегі кеш көйлектерін ұсынып, сондай-ақ, әділқазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға тыңғылықты жауап беріп өздерінің биік әлеуеттерін байқатты. Бақ сынасқан арулардың жанкүйрлері де қалың және жастық пен сұлулықтың сынға түскен қойылымында көрермен де көп болды.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» көшпелі көрмесі өз жұмысын бастады

24.04.2012

23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні. Әлемнің жүздеген елдері салтанатпен атап өтетін бұл күн оқырман қауымы үшін үлкен мереке. Осы күнге орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі депатраментінің ұйымдастыруымен жалпыуниверситеттік «100 кітап» апталығы басталды.

Апталықтың шымылдығы журналистика, филология, әдебиеттану және әлем тілдері, тарих, археология және этнология факультетінің студенттеріне арналған «100 кітап» көшпелі көрмесімен ашылды.

Ары қарай оқу >>

«Ең үздік студенттік топ» байқауы

23.04.2012

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері арасында «Ең үздік студенттік топ» байқауы жарияланған болатын. Бұл игі шараны білім-ғылымның форпосты атанған университетіміздің талантты да, дарынды студенттерін анықтау мақсатында «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ұйымдастыруда. Аталған конкурсқа ҚазҰУ қабырғасында жинаған тәжірибелерін, білімдерін ортаға салып, бақтарын сынау үшін 2-3 курстың студенттік топтары қатысады.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетіндегі елшілік сағаты

23.04.2012

19 сәуірінде халықаралық қатынастар факультетінің мәжіліс залында Корей Республикасының Бас консулы Шин Хён Ын мырза және Корей Республикасы Елшілігі өкілдігінің экономика және сауда сұрақтары бойынша қызметкері Чо Гын Хи ханыммен елшілік сағаты өтті.

Ары қарай оқу >>

Үстел теннисінен жарыс аяқталды

23.04.2012

65-ші ҚазҰУ факультетаралық спартакиадасының аясындағы үстел теннисінен жарыстар аяқталды

1 орынды биология және биотехнология факультеті иеленді

2 орынды филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті иеленді

3 орын механика-математика факультетінің еншісінде.

Ары қарай оқу >>

Бокстан өткен ашық біріншіліктіің қорытындылары белгілі болды

23.04.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бокстан өткен ашық біріншілігінің қорытындылары шығарылды

1 орын – биология және биотехнология факультетінің командасы

2 орын – халықаралық қатынастар факультетінің командасы

3 место – заң факультетінің командасы

4 место – физико-техникалық факультетінің командасы.

Ары қарай оқу >>

Тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жарыс өтті

23.04.2012

20 сәуірде география және табиғатты қорғау факультетінде Наурыз мерекесіне арналған Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша факультет командалары арасында жарыс өтті. Жарыс нәтижесінде: 1 орын- География және табиғатты қорғау факультеті, 2 орын- Экономика және бизнес Жоғары мектебі, 3 орын- Механико-математика факультеті иеленді.

Ары қарай оқу >>

Студенттік форум өтті

23.04.2012

Дәстүрге айналған ҚазҰУ студенттерінің өзін-өзі басқару ұйымдарының ұйымдастыруымен өткізілетін халықаралық студенттер форумының екінші лебі биылғы жылы да өзі бағытын тапты. 20-21 сәуір күндері өткен форумның негізгі мақсаты өзін-өзі басқару мектеп шәкірттерінің басын қосып, жастар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру және студенттік басқару ұйымдарын дамыту, сондай-ақ кәсіподақтардың халықаралық, өңірлік студенттік ұйымдар мен жас лидерлердің интеграциялануы.

Ары қарай оқу >>

БИЗНЕС ИНКУБАТОР начинает КОНКУРС

23.04.2012

БИЗНЕС ИНКУБАТОР

начинает

КОНКУРС

инновационных проектов среди студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых

ПРИГЛАШАЕМ ВСЕХ!

ТВОИМ ИДЕЯМ ЕСТЬ МЕСТО!

Конкурс проводится для выявления лучших проектов, инноваций для бизнеса в области среднего и малого предпринимательства. К участию допускаются бизнес-проекты конкурсантов по разным направлениям деятельности, причем на конкурсный отбор один участник может представить сразу несколько проектов.

Ары қарай оқу >>

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде ашық есік күні өтті

20.04.2012

ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті. Бұл мерекелік шараға Корея, Түркия, Испания, Үндістан, Франция, Иран Ислам Республикасы, Ауған Ислам Республикасы т.б. мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері шақырылды.

Ары қарай оқу >>

Зерттеу университетінің ұжымы ҚазҰУ-да қонақта

20.04.2012

Сәуір айының 24 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде МИСИС ұлттық зерттеу технологиялық университеті ұжымымен кездесу өтеді. Кездесу мақсаты ғылыми ынтымақтастықты одfн ары дамытып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеті аясында Нанотехнология бағыты бойынша магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру.

Ары қарай оқу >>

Форум аясында «Алматы» пирогы таратылды

20.04.2012

Бүгін ҚазҰУ-да әл-Фараби ескерткішінің жанында «Алматы» пирогының салтанатты кесілу рәсімі және мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнерінен жасалған бұйымдардың жәрмеңкесі “ЖОО және аймақтардағы жастар өзін-өзі басқару ұйымдарының дамуындағы студенттік қоғамдық бірлестіктердің рөлі” атты II Халықаралық студенттік форум аясында өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік «100 кітап» апталығы өтеді

20.04.2012

2012 жылдың 23 сәуірі мен 3 мамыры аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тәрбие жұмысы жөніндегі депатраментінің ұйымдастыруымен жалпыуниверситеттік «100 кітап» апталығы өтеді.

Апталықтың мақсаты - университет ректоры Ғ. Мұтановтың бастамасымен және барлық оқытушы-профессорлар тарапынан қолдау тапқан «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жоба аясында жастарға өз елінің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын терең меңгерту, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары маман қалыптастыру және жастарды кітап оқуға тәрбиелеу, тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыру, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру.

«100 КІТАП» АПТАЛЫҒЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Қазіргі әлемдегі ислам: даму барысы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми симпозиум өз жұмысын бастады

19.04.2012

19 сәуір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының IV съезі қарсаңында өткізілетін «Қазіргі әлемдегі ислам: даму барысы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми симпозиумға Түркия Республикасынан келген делегациямен кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

19.04.2012

«Біз» театры «Миллион раушан гүл» ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да да әр маусым сайын көпшілікке ой салар, өзінің мәнді де мағыналы спектакльдерімен жастардың жүрегіне жол тартқан «Біз» театрының жаңа репертуарын студент жастар үнемі күтіп жүреді. Құрылғанына алты жылдың көлемі болған «Біз» театры осы уақытқа дейін «Адаспаңдар», «Той», «Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр«Бағдаршам» сынды тәрбиелік маңызы зор спектакльдер мен «Ол көктем оралмайды» атты мелодрамалық қойылымын қойып, өз көрерменін жинап үлгерді. Кәсіби мамандардан емес, студенттерден құралған театр – жастардың ақылшысы, жақсылыққа жол бастаушы.

Ары қарай оқу >>

«Математика және біз»

18.04.2012

2012 жылдың сәуір айының 18 жұлдызында механика-математика факультетінде «Математикалық және компьютерлік пішіндеу» кафедрасының доценті Жакебаев Д.Б. жетекшілігімен 3 курс (1А,1Б) студенттері «Математика және біз» атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта Математика мен Табиғаттың байланысы жайлы мағлұмат айтылып, Математика және Ислам тақырыбы тереңірек қозғалып,Математика мен Медецина, Математика мен Музыка байланыстары туралы айтылды. Сонымен қатар «Сандар сыры», «Кім тапқыр» атты ойындар студенттер мен оқытушылар арасында ойнатылып, ашық сабақ қызықты өтті.

Ары қарай оқу >>

Өнері өрген жүзген Астана жастары ҚазҰУ студенттерімен кездесті

18.04.2012

«Театрға апаратын көше – жолдардың ұлысы»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің өз бойында классикалық мәдениет тәрбиесі мен рухани баюының ерекше сағаттары 17 сәуір күні Жастар рухани орталығында өтті.


Ары қарай оқу >>

КазҰУ Студенттер Сенатының кубогіне арналған ІІІ қалалық мини-футбол турнирі өтті

17.04.2012

2012 жылдың 16 сәуірінде ҚазҰУ футбол алаңында әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университеті Студенттер сенатының Кубогіне арналған жастар арасында мини-футболдан ІІІ қалалық турнир өтті.

Ары қарай оқу >>

Студент пен оқушы арасындағы диалог

17.04.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің дінтану және Мәдениеттану кафедрасының Iкурс магистранттары кәсіби-бағдар беру мақсатында Талғар қаласында орналасқан Ю. Гагарин атындағы №8 мектеп пен Т. Рысқұлов атындағы №9 мектепте болып қайтты.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласының мәдениет жылына арналған мәдени бастама

17.04.2012

12 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінде ф.ғ.д., проф. Ж.Ж. Молдабековтың бастамасымен, мәдениеттану және философия мамандықтарының 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен Алматы қаласының мәдениет жылына арналған «Алматы – мәдениет пен жастықтың ордасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Ғарыш көшпендісі

17.04.2012

17 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз хатшысы, «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы президентінің кеңесшісі, «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «ҚазАқпарат» ҰАА арнаулы тілшісі Нұрғалиева Сара Қабиқызы келіп, көрерменге «Ғарыш көшпендісі» атты Талғат Мұсабаевтың өмір жолы туралы фильм көрсетілді.

Ары қарай оқу >>

Ақындармен кездесу өтеді

17.04.2012

2012 жылдың 19-сәуір күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетін М.О. Әуезов атындағы 312 дәрісхана сағат 11.00-де шетел филологиясы және жалпы тіл білімі және аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен факультет түлегі, белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев пен «Дарын» сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Қалқаман Саринмен кездесу кеші өтеді.

Ары қарай оқу >>

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В тіркелу ашық!

17.04.2012

Құрметті 4-курс студенттері!

26 сәуірде, сағ.11.00 филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде, 314 оқу залында Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В (ҚПО) өкілдерімен кездесу болады. Кездесу бағдарламасында: ҚПО презентациясы және ҚазҰУ студенттерін аударма ісі және халықаралық құқық мамандығы бойынша бос жұмыс орындарына- тестілеу өтеді.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

Мамандығы: аударма ісі, халықаралық құқық

Ағылшын, орыс және қазақ тілін жетік білу

Кездесуге келетін қалаушылар мына телефон арқылы тіркеле алады: 3773373

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В тіркелу ашық!

17.04.2012

Құрметті 4-курс студенттері!

26 сәуірде, сағ.11.00 филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде, 314 оқу залында Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В (ҚПО) өкілдерімен кездесу болады. Кездесу бағдарламасында: ҚПО презентациясы және ҚазҰУ студенттерін аударма ісі және халықаралық құқық мамандығы бойынша бос жұмыс орындарына- тестілеу өтеді.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

Мамандығы: аударма ісі, халықаралық құқық

Ағылшын, орыс және қазақ тілін жетік білу

Кездесуге келетін қалаушылар мына телефон арқылы тіркеле алады: 3773373

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері бас жүлдені жеңіп алды

16.04.2012

2012 ж. 16 сәуірде жоғары оқу орындары студенттері арасында ұйымдастырылған «Қазақ тілі» олимпиадасына қатысып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Достық» тобы Бас жүлдені жеңіп алып, «Өрлеу» тобы 2 жүлделі орынға ие болды.

Ары қарай оқу >>

Орталық пен клуб өз ойларын жеткізді

16.04.2012

2012 жылдың 11 сәуірінде Халықаралық қатынастар факультеті Дипломатиялық аударма кафедрасының жанынан құрылған «Инабат» рухани-мәдени орталығы (жетекшісі – доцент Б.Р. Құлжанова) мен «Тура би» шешендік клубының (жетекшісі – доцент Б. Ақбұзауова) ұйымдастыруымен «Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы білім, ғылым жайлы ойлары» атты зияткерлік сұхбат өтті.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері бас жүлдені жеңіп алды

16.04.2012

2012 ж. 16 сәуірде жоғары оқу орындары студенттері арасында ұйымдастырылған «Қазақ тілі» олимпиадасына қатысып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Достық» тобы Бас жүлдені жеңіп алып, «Өрлеу» тобы 2-жүлделі орынға ие болды.

Ары қарай оқу >>

«Біз» театры «Миллион раушан гүл» ұсынды

14.04.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да да әр маусым сайын көпшілікке ой салар, өзінің мәнді де мағыналы спектакльдерімен жастардың жүрегіне жол тартқан «Біз» театрының жаңа репертуарын студент жастар үнемі күтіп жүреді. Құрылғанына алты жылдың көлемі болған «Біз» театры осы уақытқа дейін «Адаспаңдар», «Той», «Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр!» «Бағдаршам» сынды тәрбиелік маңызы зор спектакльдер мен «Ол көктем оралмайды» атты мелодрамалық қойылымын қойып, өз көрерменін жинап үлгерді. Кәсіби мамандардан емес, студенттерден құралған театр – жастардың ақылшысы, жақсылыққа жол бастаушы.

Ары қарай оқу >>

«Наурыз – жыл басы» думанды мерекесі өтті

14.04.2012

Наурыз – қазақ халқының төл мерекесі. Жылдағы дәстүр бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы 14 сәуір күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алаңында жалпы университеттік Наурыз мейрамын атап өтті.

Ары қарай оқу >>

Жалпыуниверситеттік Наурыз тойланады

13.04.2012

14 сәуір сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мерекесі тойланады. Іс-шараға студенттер, оқытушылар, қызметкерлер мен университет ақсақалдары қатысады. Арнайы құттықтау сөзімен ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, ақсақалдар Кеңесінің мүшелері, шетелдік қонақтар сөйлейді.

Ары қарай оқу >>

«Біз» студенттер театры көрермен назарына «Миллион раушан гүл» қойылымын ұсынады

13.04.2012

14 наурыз сағат 18.00.-де Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Біз» студенттер театры көрермен назарына «Миллион раушан гүл» қойылымын ұсынады.

Ары қарай оқу >>

«Кітап айы» мен ҒАШЫҚТАР күніне арналған «МАХАББАТСЫЗ ДҮНИЕ БОС...» атты тақырыпта пікір-талас өтеді

13.04.2012

Хабарландыру

16-сәуір күні сағат 1615-те

Биология және биотехнология факультетінің №2 дәріс залында

«Кітап айы» мен ҒАШЫҚТАР күніне арналған

«МАХАББАТСЫЗ ДҮНИЕ БОС...»

атты тақырыпта пікір-талас өтеді

Махаббат жайлы өлең-жыр оқылып, өнерпаз жастар би билеп, ән салады, Ұлы сезім жайлы жазылған кітаптар көрмесі өтеді.

Келем деушілерге есік ашық

Ары қарай оқу >>

Бірегей тренинг «Тиімді кадрді қалай іріктеу технологиясы»!

13.04.2012

Сізде мамандықты ауыстыру ынтасы туса?

Кадрды бағалаудағы амалдарды үйренгіңіз келсе?

Адмадардың психологиясын білгіңіз келсе ?

Кадрды іріктеу шеңбері қызықтыратын болса?

HR шеңберінде мансапты қалыптастыру қызықтырса?

Жаттықтырушылар мен авторлар- «Elite рекрутингтік компаниясының». жетекші мамандары. Бұл Қазақстандық кадрлық қызмет көрсететін компаниялардың бірі!

Тренингтің қорытындысымен ең жақсылар «Elite рекрутингтік компаниясында» стажировка өтеді немесе Elite мамандарынан кеңес алады.

Бағдарлама жөнінде:

Мерзімі: 1 ай әр сейсенбә, бейсенбі және жұма

Оқу түрі: Дәрістер, бизнес кейстер, нарықтың көшбасшы компанияларына кадрды іріктеу проектілерімен жұмыс жасау!

Стажировканың нәтижесі: Elite рекрутингтік компанияснда стажировка

Байқаулық іріктеуге мына телефондар арқылы жазылуға болады:

8 (727) 2952802/07/11, 8 (727) 2666389/91, немесе мына e-mail: student@elite.kz

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Бірегей тренинг «Тиімді кадрді қалай іріктеу технологиясы»!

13.04.2012

Сізде мамандықты ауыстыру ынтасы туса?

Кадрды бағалаудағы амалдарды үйренгіңіз келсе?

Адмадардың психологиясын білгіңіз келсе ?

Кадрды іріктеу шеңбері қызықтыратын болса?

HR шеңберінде мансапты қалыптастыру қызықтырса?

Жаттықтырушылар мен авторлар- «Elite рекрутингтік компаниясының». жетекші мамандары. Бұл Қазақстандық кадрлық қызмет көрсететін компаниялардың бірі!

Тренингтің қорытындысымен ең жақсылар «Elite рекрутингтік компаниясында» стажировка өтеді немесе Elite мамандарынан кеңес алады.

Бағдарлама жөнінде:

Мерзімі: 1 ай әр сейсенбә, бейсенбі және жұма

Оқу түрі: Дәрістер, бизнес кейстер, нарықтың көшбасшы компанияларына кадрды іріктеу проектілерімен жұмыс жасау!

Стажировканың нәтижесі: Elite рекрутингтік компанияснда стажировка

Байқаулық іріктеуге мына телефондар арқылы жазылуға болады:

8 (727) 2952802/07/11, 8 (727) 2666389/91, немесе мына e-mail: student@elite.kz

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Білімді жастарға жаңа мүмкіндіктер

12.04.2012

Сеул университетіне (Оңтүстік Корея) магистратура және PhD докторантураға шәкіртақы бағдарламасы бойынша құжат қабылдау уақыты басталды. Құжаттар төмендегі техникалық мамандықтар бойынша іріктеліп алынады: архитектура, экология, физика, биология, инженерия, химия, компьютерлік инженерия, геоинформатика, нано-технология және т.б.

Ары қарай оқу >>

Факультетімізде «Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Б.К. Абенов «Ұлт мақтанышы» атты тақырыпта ашық кураторлық сағат өткізді

12.04.2012

10.04.2012. Механика-математика факультетінде «Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Б.К. Абенов «Ұлт мақтанышы» атты тақырыпта Қазақстан РСО ҒА академигі, белгілі қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Кунаевтың 100-жылдық мерей тойына арналған ашық кураторлық сағат өткізді.

Ары қарай оқу >>

16 сәуірде 65-ші факультетаралық мини-футболдан ҚазҰУ спартакиадасы басталады

12.04.2012

Жарыс факультеттің студенттері (ерлер) арасында өткізіледі. Ойын университеттің спорткешенінде болады. 12 сәуір сағат 17:00-де дене шынықтыру және спорт кафедрасында төрешілер алқасының жиналысы өтті.

Ары қарай оқу >>

21 сәуір ҚазҰУ-да аэробикадан ашық фестиваль өтеді

11.04.2012

Жарыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорткешенінде өтеді. Жарысты ұйымдастырылуы және өткізілуі жөнінде жалпы басшылық аэробика циклінің оқытушылары, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, Алматы қаласы аэробика ассоциациясымен жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

Дәстүрлі А.М. Оразбаев оқулары

10.04.2012

26-27 сәуір күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археология, этнология және музеология кафедрасында А.М.Оразбаевтың 90 жылдығына орай өткізілетін «XIX ғасырдың Отандық археология мен этнология мәселелері мен жетістіктері» тақырыбындағы «IV Оразбаев оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталады.

Ары қарай оқу >>

23-26 сәуірде жылсайынғы халықаралық студенттер және жас ғалымдардың "Ғылым әлемі" атты конференциясы өтеді

10.04.2012

Конференция Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Толығырақ келесі сілтемеден біле аласыздар: http://www.kaznu.kz/kz/3181/news/one/3926/.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне келіңіздер

10.04.2012

Құрметті бакалавриат, магистратура және PhD студенттері!

27 сәуірде 2012ж. сағ. 10:00 ден 15:00 дейін Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстанның 50 ірі компанияларының бос орындары мен стендтік сессиясы жұмыс жасайды. Компаниялар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып, өз түйіндемелеріңізді қалдыра аласыздар.

Ары қарай оқу >>

Наурыз ағылшын тілінде тойланды

10.04.2012

Сәуірдің 6-сы күні Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіне қарасты Гуманитарлық шет тілдер кафедрасының «LINGUA» шет тілдер клубы аясында аға оқытушылар Г.Х. Исенғалиева, В.А. Юрпольская, Н.А. Ештаеваның ұйымдастыруымен Шығыстану факультетінің 1 және 3 курс студенттері арасында НАУРЫЗ мейрамына арналған ағылшын тілінде: «Британия және Америка туралы не білесіз?»; Мәнерлеп өлең оқу; Қазақ, орыс тілдеріне өлең аудару; Махаббат пен достық тақырыбына арналған авторлық өлеңдер шығару; «Наурыз-2012» тақырыбына қабырға газетін шығарудан жарыстар өтті.

Ары қарай оқу >>

Имандылық – тәрбиенің негізі

10.04.2012

2012 жылдың 10 сәуірінен 19 сәуіріне дейін Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесе отырып факультеттерде «Отанды сүю – иманнан» атты тақырып аясында студенттермен кездесулер өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Білім беру қызметін атқару құқығына 9 мамандық бойынша лицензия берілді

09.04.2012

ҚР БжҒМ білім беру саласының Бақылау Комитетіндегі білім беру қызметін лицензиялау Комиссиясының шешімімен (№2-ші хаттама 28 ақпан 2012ж.) білім беру қызметін атқару құқығына 9 мамандық бойынша лицензия берілді:

- бакалавриат мамандықтары бойынша: 5В071700-Жылу эгергетикасы; 5В071800-Электр энергетикасы;

- магистратура мамандықтары бойынша: 6М051300-Әлемдік экономика; 6М071700-Жылу энергетикасы; 6М074000- Наноматериалдар және нанотехнологиялар (сала бойынша); 6М074600 –Ғарыштық техника және техникалар;

- докторантура мамандықтары бойынша: 6D021200- Түркітану; 6D050800- Есеп және аудит; 6D012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.

Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің Әдістемелік бөлімі

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындар Жәрмеңкесі «ХХІ ғасырдың мансабын құр»

09.04.2012

Құрметті бакалавриат, магистратура және PhD студенттері!

27 сәуірде 2012ж. сағ. 10:00 ден 15:00 дейін Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді! Жәрмеңкеде Қазақстанның 50 ірі компанияларының бос орындары мен стендтік сессия жұмыс жасайды. Компаниялар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып өз түйіндемелеріңізді қалдыра аласыздар.

ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орын жәрмеңке қатысушылары ішінде GSM Казахстан, «Казатомпром» АҚ, «Самрұқ-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., KPMG, Хоум Кредит Банк, АТФ банк, Темірбанк, Банк, ЦентрКредит, АҚ «Алматы қаласының Аймақтық қаржы орталығы», Кока-Кола Алматы Боттлерс, Астана Моторс, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми-зерттеу институттары және т.б.

Бос жұмыс орындар жәрмеңке бағдарламасында: компания презентациялары, магистратура мен PhD докторантура бағдарламалары, шет мемлекеттерде оқу бағдарламалары, мастер-класс «Профессионалдық ортада мансапты табысты құру», тренинг «Әңгімелесуді жақсы өту технологиясы», студенттердің қолдан жасаған жұмыстар аукционы, ағылшын тілінде оқу құралдары мен материалдарының көрмесі, студенттік бизнес-инкубатор «Сувенирная лавка» имидж заттарының презентациясы, лотерей билеттердің ұтыс-ойыны (Қазақстанның ең ірі компанияларында ақысыз тәжірибе өту, түлектер виньеткасы, сонымен қатар басқада сыйлықтар).

Қатысушыларды тіркеу 10.00-де басталады.

Жұмыс таңдауда өз мүмкідігіңді жіберіп алма! ХХІ ғасырдың мансабын құр!

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындар Жәрмеңкесі «ХХІ ғасырдың мансабын құр»

09.04.2012

Құрметті бакалавриат, магистратура және PhD студенттері!

27 сәуірде 2012ж. сағ. 10:00 ден 15:00 дейін Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді! Жәрмеңкеде Қазақстанның 50 ірі компанияларының бос орындары мен стендтік сессия жұмыс жасайды. Компаниялар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып өз түйіндемелеріңізді қалдыра аласыздар.

ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орын жәрмеңке қатысушылары ішінде GSM Казахстан, «Казатомпром» АҚ, «Самрұқ-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., KPMG, Хоум Кредит Банк, АТФ банк, Темірбанк, Банк, ЦентрКредит, АҚ «Алматы қаласының Аймақтық қаржы орталығы», Кока-Кола Алматы Боттлерс, Астана Моторс, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми-зерттеу институттары және т.б.

Бос жұмыс орындар жәрмеңке бағдарламасында: компания презентациялары, магистратура мен PhD докторантура бағдарламалары, шет мемлекеттерде оқу бағдарламалары, мастер-класс «Профессионалдық ортада мансапты табысты құру», тренинг «Әңгімелесуді жақсы өту технологиясы», студенттердің қолдан жасаған жұмыстар аукционы, ағылшын тілінде оқу құралдары мен материалдарының көрмесі, студенттік бизнес-инкубатор «Сувенирная лавка» имидж заттарының презентациясы, лотерей билеттердің ұтыс-ойыны (Қазақстанның ең ірі компанияларында ақысыз тәжірибе өту, түлектер виньеткасы, сонымен қатар басқада сыйлықтар).

Қатысушыларды тіркеу 10.00-де басталады.

Жұмыс таңдауда өз мүмкідігіңді жіберіп алма! ХХІ ғасырдың мансабын құр!

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 02.04.2012. - 07.04.2012

09.04.2012

  • «Студенттік көктем-2012» көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтті
  • ҚазҰУ-лықтар баспаналы болды
  • ҚазҰУ студенттері қос диплом иегерлері атанды
  • 6 сәуірде «Бекмаханов оқулары» аясында «Әлеуметтік-экономикалық және cаяси келеңсіздіктер тарихы: теориялық-методологиялық қайта ойлау» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді
  • Тақырып жалғасы Times Higher Education халықаралық университеттерінің рейтингісінің редакторы Фил Батыдың қатысуымен «Қазақстан университеттерінің Times Higher Education халықаралық университеттерінің рейтингісіндегі тәжірибиелері» атты халықаралық семинары өтті
  • Польшада Мұстафа Шоқайдың француз тіліндегі мақалалары табылды
  • Қазақ тіліндегі аударма жайында
  • ҚазҰУ жалпы сенбілік өтті
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Имидждік материалдар
  • Біздің сарапшылар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

09.04.2012

07 Сәуір 2012, 14:15

Алматыдағы сенбілікке Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 17 мыңнан астам адам қатысты

АЛМАТЫ. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Болашақ бүгіннен басталады» акциясы аясында өтіп жатқан жалпықалалық сенбілікке әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 17 мыңнан астам адам қатысты.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері мен оқытушылары жалпықалалық сенбілікке қатысты

07.04.2012

7 сәуірде «Болашақ бүгіннен басталады» атты жалпыреспубликалық акция аясында ҚазҰУ-да сенбілік өтті. 70 гектардан аса аумақты алып жатқан университеттік кампус аймағын тазарту және жинау жұмысына оқытушылар, студенттер, қызметкерлер және ЖОО басшысы бастап, барлығы 17 мыңнан астам адам қатысты. Олар арам шөптерді тазартып, ағаштарды әктеп, гүлдер отырғызып, талдар екті, қоқыстарды шығарды. Сондай-ақ, оқу ғимараттарында және жатақханаларда тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік ұйымдасқан түрде және жоғары көңіл күйде орын алды.

ҚазҰУ студенттері, университеттің жастар ұйымдары комитеті еліміздің Жастар конгресі бастауына үн қосып, «Болашақ бүгіннен басталады» акциясына қолдау танытты. Сонымен бірге 8-9 сәуірде ҚазҰУ Студенттер сенаты салауатты өмір салтын насихаттау жолында, жастарды дене шынықтырумен айналысуға және спортқа тарту мақсатында шағын-футболдан студенттік топтар арасында қалалық турнир өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Өнегелі өмір

06.04.2012

6 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен профессор Талғат Сайрамбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тілі синтаксисі: тарихи дамуы және қазіргі ғылыми бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Ынтымақтастық пен қауіпсіздік орнатудағы әріптестік

06.04.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы НАТО ресурстық-ақпараттық орталығы және НАТО Әлемі студенттік ассоциациясы 2012 жылдың 25-26 сәуір аралығында ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде «НАТО кішігірім моделі: НАТО мен Орталық Азия елдерінің 2014 жылдан кейінгі әріптестік» тақырыбында II Республикалық студенттер форумын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Дәстүрлі «Бекмаханов оқулары» аясында ұйымдастырылған конференция өз жұмысын бастады

06.04.2012

6-7 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінде дәстүрлі «Бекмаханов оқулары» аясында «Әлеуметтік-экономикалық және саяси келеңсіздіктер тарихы: теориялық-методологиялық қайта ойлау» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

Ары қарай оқу >>

«Миллион раушан гүл»...

06.04.2012

14- сәуір күні сағат 18.00-де А. Ө. Жолдасбеков сарайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Біз» студенттер театры көрермен назарына «Миллион раушан гүл» қойылымын ұсынбақ.

Ары қарай оқу >>

ҚР Әскері күшінің 20-жылдығына ҚазҰУ-да қазақстандық әскер өкілдерінің жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесуі өтті

06.04.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында «Отанды Қорғаушылар» фильмінің көрсетілімінен басталған кездесуге Алматы қаласындағы барлық жоғары оқу орынының әскери кафедра түлектері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Өнегелі өмір

06.04.2012

6 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен профессор Талғат Сайрамбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тілі синтаксисі: тарихи дамуы және қазіргі ғылыми бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

АҚ Холдинг «Зерде» компаниялар тобы жаздық практикаға ашық тіркеуді бастайды

05.04.2012

Құрметті 3-4 курс студенттері!

АҚ Холдинг «Зерде» компаниялар тобы келесі мамандықтар бойынша студенттерді жаздық практикаға жинайды: есептеуіш техникасы және ақпаратттық қамту, математика, информатика, физика, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйе, радиотехника, электроника және телекоммникация, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, ақпараттық технологиялар менеджменті, инновацилық менеджмент, басқару жүйесі, журналистика, PR.

Құжаттарды 1 мамыр 2012ж.дейін тапсыру қажет. Практика өту үшін келесі құжаттар тізімін тапсыру керек: түйіндеме, транскрипт, жеке куәлік және рнн көшірмелері.

Үміткерлерді таңдаудағы белгілері:

  • · 3-4 курс студенттері;
  • · Мамандық бойынша теориялық бiлiмдерiнiң бар болуы (сынақ кiтапшасы бойынша орташа бал 4тен төмен емес, 5) жақсы академиялық үлгерiм;
  • · Жоғарғы үлгерім;
  • · Оқу орнының ғылыми, жаттығу және қоғамдық қызметтеріне қатысуы.

Практика құжаттарын Мансап және бизнес орталығына тапсырыңыз, ректораттың сол жақ қанаты, тел. 377-33-73.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

АҚ Холдинг «Зерде» компаниялар тобы жаздық практикаға ашық тіркеуді бастайды

05.04.2012

Құрметті 3-4 курс студенттері!

АҚ Холдинг «Зерде» компаниялар тобы келесі мамандықтар бойынша студенттерді жаздық практикаға жинайды: есептеуіш техникасы және ақпаратттық қамту, математика, информатика, физика, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйе, радиотехника, электроника және телекоммникация, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, ақпараттық технологиялар менеджменті, инновацилық менеджмент, басқару жүйесі, журналистика, PR.

Құжаттарды 1 мамыр 2012ж.дейін тапсыру қажет. Практика өту үшін келесі құжаттар тізімін тапсыру керек: түйіндеме, транскрипт, жеке куәлік және рнн көшірмелері.

Үміткерлерді таңдаудағы белгілері:

  • · 3-4 курс студенттері;
  • · Мамандық бойынша теориялық бiлiмдерiнiң бар болуы (сынақ кiтапшасы бойынша орташа бал 4тен төмен емес, 5) жақсы академиялық үлгерiм;
  • · Жоғарғы үлгерім;
  • · Оқу орнының ғылыми, жаттығу және қоғамдық қызметтеріне қатысуы.

Практика құжаттарын Мансап және бизнес орталығына тапсырыңыз, ректораттың сол жақ қанаты, тел. 377-33-73.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Студенттер жаңа жобаларды қолға алмақ

05.04.2012

2012 жылдың 4 сәуірі Жастар ұйымдары комитетінің кеңейтілген жиналысы өтті. Жиналыс барысында студенттік өзін-өзі басқарудың соңғы жаңалығы болып табылатын әр факультеттің Студенттік декандары белсенділер қатарына қабылданды.

Ары қарай оқу >>