Өнері өрген жүзген Астана жастары ҚазҰУ студенттерімен кездесті

18.04.2012

Көрулер: 2597

«Театрға апаратын көше – жолдардың ұлысы»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің өз бойында классикалық мәдениет тәрбиесі мен рухани баюының ерекше сағаттары 17 сәуір күні Жастар рухани орталығында өтті.


Олай деуіміздің себебі, күні кеше ҚазҰУ жастары елордасынан келген Астана жастар театрының актерларымен кездесіп, ой бөлісті. Астана жас көрермендер театрының шығармашылық ұжымын басқарып келген белгілі режиссер Нұрқанат Жақыпбай театрдың тарихы, дамуы, құрамымен толық таныстырып өтіп, өнер жолындағы қызықты оқиғаларды айта, студенттермен жылы лебізді әңгімесін де жүргізді. Театр жастары бірінен соң бірі сахнаға шығып, танымал қазақ әндерін жаңа нақышта орындап, көрермендерді таңқалдырды. Кездесуге келген Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Біз» студенттер театры мен «Эйдос» студенттер театрының актерлары да өз өнерлерін көрсетіп, ауылдың алты ауызын тарту етті. Астана жастар театрының гастрольдік сапармен келген шығармаларын М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының сахнасында көрсетілетін болады.

Жастар ұйымдары комитеті