Студент пен оқушы арасындағы диалог

17.04.2012

Көрулер: 3216

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің дінтану және Мәдениеттану кафедрасының Iкурс магистранттары кәсіби-бағдар беру мақсатында Талғар қаласында орналасқан Ю. Гагарин атындағы №8 мектеп пен Т. Рысқұлов атындағы №9 мектепте болып қайтты.


Оқушылармен кездесу ең алдымен дінтану мамандығы туралы мәлімет беруден басталып, магистранттардың қатысуымен ұйымдастырылған көрініс қойылды. Көріністе жалпы мамандық турасында және университетті тәмамдаған соң қандай жерлерде жұмыс атқара алатындықтары туралы туындаған кез-келген сұраққа жауап табылып отырды. Кездесуді қазіргі қоғамымызды жаулап алып бара жатқан көптеген діни ұйымдар өмірінен түсірілген слайд-шоу жалғастырды. Ондағы мақсат өсіп келе жатқан жас ұрпақты діни ұйымдардың шеңберіне түсіп қалмау жолын ескерту болды.

Кездесу соңы магистранттардың бұл саланы не үшін таңдағандары және қызықты студенттік өмір жайындағы әңгімеге ұласты.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы