ҚазҰУ студиясы
20.02.2019Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлері мен студенттері, Алматы қаласының жалынды жастары❕
Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлері мен студенттері, Алматы қаласының жалынды жастары❕
21 ақпан күні "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы ҚБ және физика-теxникалық факультеті жылуфизика және теxникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен "ҚазҰУ студиясы" жобасы аясында республикалық және халықаралық айтыстардың және "Алтын домбыра" байқауының жүлдегері Рүстем Қайыртайұлы және физика-теxникалық факультетінің оқытушысы, айтыскер ақын, Қалихан Алтынбаев атындағы республикалық айтыстың және дәстүрлі "Алтын домбыра" байқауының жүлдегері Қазірет Бердіxанмен кездесу өтеді.
19 ақпан мен 4 наурыз аралығында ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр шығыс кафедрасы «Күншығыс еліне саяхат» атты жапон апталығына қатысуға шақырады.
18 ақпан 2019 жылы азааттық құқық және азаамттық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы заң факультетінің 2-курс студенттерімен және Алматы қаласы Бостандық ауданының судьясы Каракузиева Сара Орынгалиевнамен кезекті кездесуін өткізеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85-жылдығына арналған мерейтойды атап өту аясында «КазҰУ Кубогы» атты университет қызметкерлерімен оқытушы профессорлар құрамынан құрылған мини-футболдан турнир өтеді.
ҚазҰУ-да 16-23 ақпан аралығында «Араб тілін оқытудың заманауи әдістері» атты ұстаздарға арналған республикалық әдістемелік семинар өтеді.
Құрметті магистранттар, студенттер, оқушылар!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85-жылдығына орай, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалары аясында өтетін «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясына магистранттар, студенттер мен оқушыларды қатысуға шақырамыз.
2019 жылдың 16 ақпанында (сенбі) сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Ууниверситетінің медицина және денсаулық факультетінің 1-ші қабатындағы мәжіліс залында «Журнал клубы» ғылыми үйірмесінің сегізінші отырысы өтіп, онда сенімді ғылыми нәтижелерге негізделген деректер түсіндіріледі.
2019 жылдың 6 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, А. Байтұрсынов атындағы тілтану Институты және мәдениеттерді жақындастыру орталығы бірлесе отырып, «Түркі жазуы: рунадан латын әліпбиіне дейін» атты дөңгелек үстел өткізеді.