ҚР Әскері күшінің 20-жылдығына ҚазҰУ-да қазақстандық әскер өкілдерінің жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесуі өтті

06.04.2012

Көрулер: 2386

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында «Отанды Қорғаушылар» фильмінің көрсетілімінен басталған кездесуге Алматы қаласындағы барлық жоғары оқу орынының әскери кафедра түлектері қатысты.


Әскери қызметкерлер әскери өмірмен қызметіне тоқталып, ой бөлісті. Мұнда кадрлық әлеуетті арттыру басты назарда болды. «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық сарбаздардың ерекшелігі, Елбасы, Жоғарғы бас қолбасшы Н.Назарбаев атап өткендей, патриоттық сезіммен, интеллектуалды даму және салауатты өмір салтын ұстану керек» дейді өз сөзінде ҚР Қорғаныс министрлігі кадрлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Р.К. Абилдаев.

Қазіргі таңда ҚР Қорғаныс министрінің нұсқаулығымен мобилизациялық резервті қалыптастыра отырып, кадрлік әлеуетті жақсарту бойынша кешенді жабдықтау жүргізілуде. Осылай әскери кафедраның түлектеріне лейтенанттық дәреже берілу жаңартылып, оларға игермен мамандығы бойынша әскери қызметке орналасуға септігін тигізбек.

Кездесу барысында жақында күшіне енген «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» жаңа ҚР Заңы, әскери қызметкерлердің әлеуметтік қорғанысы жайында да кеңінен қарастырылғаны айтылды.

Сондай-ақ, Р.К.Абилдаев ҚазҰУ-дың оқу-материалдық базасы, әскери кафедрамен танысты. Ол университет басшылығын іс-шараның жоғары деңгейде өткізуге атсалысқандары үшін алғысын білдірді.