АҚ Холдинг «Зерде» компаниялар тобы жаздық практикаға ашық тіркеуді бастайды

05.04.2012

Көрулер: 1680

Құрметті 3-4 курс студенттері!

АҚ Холдинг «Зерде» компаниялар тобы келесі мамандықтар бойынша студенттерді жаздық практикаға жинайды: есептеуіш техникасы және ақпаратттық қамту, математика, информатика, физика, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйе, радиотехника, электроника және телекоммникация, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, ақпараттық технологиялар менеджменті, инновацилық менеджмент, басқару жүйесі, журналистика, PR.

Құжаттарды 1 мамыр 2012ж.дейін тапсыру қажет. Практика өту үшін келесі құжаттар тізімін тапсыру керек: түйіндеме, транскрипт, жеке куәлік және рнн көшірмелері.

Үміткерлерді таңдаудағы белгілері:

  • · 3-4 курс студенттері;
  • · Мамандық бойынша теориялық бiлiмдерiнiң бар болуы (сынақ кiтапшасы бойынша орташа бал 4тен төмен емес, 5) жақсы академиялық үлгерiм;
  • · Жоғарғы үлгерім;
  • · Оқу орнының ғылыми, жаттығу және қоғамдық қызметтеріне қатысуы.

Практика құжаттарын Мансап және бизнес орталығына тапсырыңыз, ректораттың сол жақ қанаты, тел. 377-33-73.

Мансап және бизнес орталығы