"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

26.04.2012

Көрулер: 1725

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «100 кітап» апталығы өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 23 сәуір мен 3 мамыр аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2012 жылғы жалпыуниверситеттік «100 кітап» апталығы болады.

Мақсат - университет ректоры Ғалым Мұтановтың бастамасымен және барлық оқытушы-профессорлар тарапынан қолдау тапқан «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында студенттердің кітапқа деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, көркем шығармаларды оқуға дағдыландыру және өзіндік талғамдарын қалыптастыру.

Апталық барысында барлық факультеттерде «100 кітап» көшпелі көрмесі, жазушы Бексұлтан Нұржекеев пен Қабдеш Жұмаділов, актриса Зәмзәгүл Досановамен кездесу өтеді Сәкен Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» романы бойынша түсірілген кинофильм көрсетіледі. Сондай-ақ әдеби кештер, дөңгелек үстел жиындары, пікірталастар мен әдеби туындылар бойынша әлеуметтік желідегі бейнероликтер байқауы өтеді.

Автор: Ерлік Ержанұлы