"Нұрастана" республикалық жастар апталығы

06.04.2012

Көрулер: 1160

Ұлттық университетте суперкомпьютер

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде суперкопьютерлік орталық құрылысы аяқталды. Оны Ресейдің «Т-Платформы» суперкомпьютерлерін жобалаушылар жүргізді.

Еліміздің жетекші оқу орындарының бірі саналатын ҚазҰУ-да жасалған бағдарламалық-ақпараттық кешен Т – Вlade 1.1 платформасы негізінде қолға алынған екен. Онда Intel Xeon E 5645 алты ядролық есептегіш процессорлар буыны бар. Есептеуіш бөліктер, ауамен суытқыш, қуат беретін блоктар бірі істен шықса екіншісі дереу іске қосылатындай жағдайда. Компьютер жүйесінің бос тұрып қалу қауіпі мүлде азайтылған. Суперкомпьютер ең жоғары өнімділігі 70,4 Гфлопс, ал Linpack текст кезінде тиімділігі 76, 24 пайыз құрайды.

- Жоғары өнімді есептегіштің әлеуеті кейбір мемлекеттерде әлі де болса бағалана қойған жоқ. Оның себебі, ғылыми тиімділікті бағалауға мүмкіндік беретін ғылыми орталықтар мен кәсіпорындарда осындай жүйені пайдалану тәжірибесі аз, - дейді «Т-Платформы» компаниясының бас директоры Всеволод Опанасенко.

Бұл компания былтыр сейсмикалық мәліметтерді өңдеуге негізделген GAS KCO қазақ-итальян бірлескен кәсіпорындарының есептеу кещенін жарақтандырған екен. Енді республиканың жетекші ғылыми орталықтарының бірінде суперкомпьютер құрылысын аяқтау соны ізденістерге бастама болғалы тұр.