«100 кітап» апталығы аясында кеш өтті

26.04.2012

Көрулер: 2052

Студенттер Сәкен Жүнісовтың «Аманай мен Заманай» романы бойынша түсірілген кинофильмді тамашалап, фильмнің негізгі идеясына байланысты пікір алмасты. Профессор А.Салқынбай «атамекен» деген қасиетті ұғымның, сөздің тек қазақ халқында ғана бар екендігін, оның осы романды оқу барысында терең түсінуге болатындығы жөнінде өз пікірін білдірді. Студенттер романды оқуға үлкен қызығушылық танытты.

Аталған іс-шараны мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушысы ф.ғ.к, доцент А.Шыныбекова ұйымдастырды. Кешке факультет деканы, профессор Қ.Әбдезұлы, қазақ филологиясы кафедрасының доценті А.Тасымов, мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары Н.Егізбаева, А.Нұртазина, Л.Мекебаева қатысты.