Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде ашық есік күні өтті

20.04.2012

Көрулер: 1757

ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті. Бұл мерекелік шараға Корея, Түркия, Испания, Үндістан, Франция, Иран Ислам Республикасы, Ауған Ислам Республикасы т.б. мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері шақырылды.

Ауғанстан консулдығының өкілі Азиз Фаяки мырза сөз сөйледі. Ол Ауғанстан азаматтарына тіл үйретіп, ЖОО-да білім алуларына мүмкіндік берген Қазақстан Республикасына өз елінің атынан алғыс білдірді. Оңтүстік Корея елшілігінің өкілі Гын Хи ханым мерекелік шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, факультеттің шығармашылық жолына жетістіктер тіледі. Факультет түлектері Фатха Гельгели (Түркия) мен Летисия Зальбидеа (Испания) факультет оқытушыларының жоғары дәрежедегі маман иелері екенін айта келе, университет қабырғасында білім алған кездерінен естеліктер айтты.

Мерекелік кеш концертке ұласты. Факультетте оқитын студенттер құрамынан құрылған камералық музыка ансамблінің (сыбызғы – Леандро Феррейра (Бразилия), фортепьяно мен виолончель – Джон Да Ми, Мун Джи Ён (Оңтүстік Корея) орындауындағы қазақ күйлері мен әндерінен алынған поппури көрермендерді тәнті етті. Факультеттің «TEMPS LIE» би клубы классикалық вальс пен қазақ биін көрермендер назарына ұсынды. Қытай Халық Республикасынан келіп, білім алып жатқан факультет тыңдарманы қытай тілінде орындаған қазақ әні «Қарлығаш», Оңтүстік Кореядан келген студент орындаған «Әгугай», ауған студенті орындаған орыс тіліндегі «Ах, это девушка!» әндері көпшілік көңілінен шықты.

Кафедра оқытушыларының жинауымен ескерткіш экспонаттар мен суреттер қойылған кафедра мұражайы (жетекшісі И.И. Сапронова) «Ашық есік күніне» орай ашылды.

ЖОО дейінгі білім беру факультеті