Халықаралық қатынастар факультетіндегі елшілік сағаты

23.04.2012

Көрулер: 2740

19 сәуірінде халықаралық қатынастар факультетінің мәжіліс залында Корей Республикасының Бас консулы Шин Хён Ын мырза және Корей Республикасы Елшілігі өкілдігінің экономика және сауда сұрақтары бойынша қызметкері Чо Гын Хи ханыммен елшілік сағаты өтті.


Кездесу барысында «Корей Республикасының жылдам экономикалық өсу себептері» талқыланды. Шин Хён Ын мырза экономика жетiстiктерi және бұл жетiстiктерге мүмкiндiк туғызатын факторлар туралы қызық әңгiме қозғады, қазiргi таңдағы Корея-Қазақстандық қатынастарына, екi жақты қатынастардың өрлеу барысындағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Корея республикасына жасаған ресми сапарына тоқталып өтті. Шин Хён Ын мырза Жапонияда дипломат қызметін атқарып жүргенде-ақ қызыға оқығандығын айтты. Студенттер мен оқытушылар Қазақстан территориясындағы LG секілді көп алдынғы кәсіпорындардың, сонымен қатар студенттермен оқытушылар Қазақстанның экономикасындағы инвестициялар және білім саласындағы программалар жайында көп мәліметтер алды. Кездесу соңында Бас консул факультет оқытушылар мен студенттерге жақсы кездесу ұйымдастырып, жылы қарсы алғандары үшін ризашылығын білдірді.