"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

17.04.2012

Көрулер: 1672

17 Сәуір 2012, 07:36
«Біз» театрының маусымашар жаңа қойылымы жастарды шынайы сезімді ардақтауға тәрбиелеуді көздейді - режиссер Ғалымжан Сайлаубеков

АЛМАТЫ. 17сәуір. ҚазАқпарат - Театрдың талантты жастары тек қазақ өмірін, тұрмысын ғана көрсетіп қоймай, бұл жолы XIV-XV ғасырдағы Еуропаның тұрмыс-тіршілігін көрсете білді.

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Біз" студенттер театрының режиссері Ғалымжан Сайлаубеков 14 әуірде Ө.Жолдасбек атындағы Студенттер сарайындағы маусымашар «Миллион раушан гүл» трагедиясының қойылымы кезінде айтты.

«Сценарийін студенттердің өзі жазған бұл қойылымның басты мақсаты -жастардың шынайы сезімді ардақтауға, бір-бірін құрметтеуге, махаббатты бағалауға тәрбиелеу. Суретші мен актриса қыздың арасындағы қарым-қатынасқа құрылған сюжеттер кімді де болса толғандырмай қоймады. Актрисаның армандағы гүлін қанымен салып, соның ғана арманы үшін ғұмырын гүлге айналдырған суретші нағыз сезімге толы адалдықтың үлгісін сомдады. Күлдіріп отырып жылатқан траго-комедиялық әрі мелодрамалық қойылым жиналғандардың баршасына сезім құдыреттілігін ұғындырғандай болды", - дейді Ғалымжан Сайлаубеков. Онда басты рөлдерді филология, әдебиеттану және әлем тілдері, тарих, журналистика және химия факультеттерінің студенттері сомдады. Атап айтқанда Мағжан Бектасов - Герцогты, Бекзат Смадияров - суретшіні, Ләззат Ахметқалиева - актрисаны, Ақерке Әбілхан - Луизаны, Нұртас Тұрғанбек - мелордты, Перизат Ярликасынова мыстанды ойнап шықты.