КазҰУ Студенттер Сенатының кубогіне арналған ІІІ қалалық мини-футбол турнирі өтті

17.04.2012

Көрулер: 2053

2012 жылдың 16 сәуірінде ҚазҰУ футбол алаңында әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университеті Студенттер сенатының Кубогіне арналған жастар арасында мини-футболдан ІІІ қалалық турнир өтті.

ҚазҰУ Студенттер Сенаты, ҚазҰУ денешынықтыру және спорт кафедрасының спорт клубы ұйымдастырушысы болып табылған бұл турнир алматылық футбол сүйер қауым үшін үлкен мерекеге айналды.Ойындарға төрешілік еткен ҚазҰУ денешынықтыру және спорт кафедрасының ұстаздары Шәкен Сәкен мен Үсейін Ерланның еңбектерін аса бағалап айтып өту керек.Турнирге 24 жасқа толмаған, Алматы қаласы ЖОО мен колледждері студенттерінен құралған 15 команда катысты. Турнир олимпиадалық жүйе бойынша жүрді, ойындар қалу не шығу үшін өтіп отырды. Турнир барысында ойнаған 15 команданың барлығы жақсы нәтиже көрсетті. Соңғы сынға шыққан үш команда шеңберлік жүйе бойынша жүлделі орындарға таласты.Тартысты ойындар нәтижесі бойынша І орынға Алматы гуманитарлық университетінің «Шымкент» командасы, ІІ орынға Алматы энергетика және байланыс университетінің «АУЭС» командасы және ІІІ орынға Қазақ ұлттық университетінің «Звезда» командасы ие болды. Сонымен қатар «Звезда» командасының ойыншысы Амиров Жиһангер «Үздік ойыншы» номинациясына ие болса, «АУЭС» командасындағы Нажатдинов Ақылбек «Үздік қақпашы» номинациясын қанжығасына байлады.Жүлдегерлер мен номинанттар диплом, медаль және кубоктармен марапатталды.