Жаңалықтар

Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз!

15.04.2020

Коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны әлемде екі миллионға жақындап келеді және барлық елдер осы пандемиямен ауырғандардың шығындарын азайтуға тырысуда. Бірақ, көптеген факторлардың ішінде бірінші орында осы ауруға қарсы тұру шарасының ең тиімді жолын табу, ол әлемнің жетекші мамандарының айтуынша, жұқтырғандарды ерте анықтау мен оларды заманауи технологияларды, жабдықтарды және фармокопеяны пайдалана отырып, жоғары білікті медициналық қызметкермен емдеу ғана емес, сонымен қатар физикалық оқшаулау, яғни халық арасында карантин шараларының кең ауқымды тиімді жүйесін енгізу. Карантинді бұзушылардың арасындағы жастардың ойынша, бұл аурумен тек қарт адамдар ауырады деген сенімінің болуы. Бірақ бұл дұрыс пікір емес. Бұл аурумен жастар да ауырады, тіпті өліммен аяқталған жағдайлар кездеседі. Жастарда да өкпе аурулары бар, бұл өкпе паренхимасының фиброзына байланысты тыныс алу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеуі орын алады. Біз бұл туралы әлеуметтік желілерде көп айтып, көп жазуымыз керек. 

Профессор С. Т. Нуртазин

Доцент И.М. Жаркова

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

2020 жылдың 13 сәуірінде «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырған «Стоп Коронавирус» байқауының екінші кезеңінде «Геоботаника» мамандығының 2-курс докторанты Оразов Айдын (жобаның жетекшісі ретінде) өз жобасын қорғады

14.04.2020

2020 жылдың 13 сәуірінде «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырған «Стоп Коронавирус» байқауының екінші кезеңінде «Геоботаника» мамандығының 2-курс докторанты Оразов Айдын (жобаның жетекшісі ретінде) өз жобасын қорғады, жобаның тақырыбы: Соматикалық және психологиялық денсаулықтың қашықтықтан диагностау үшін арналған «SAKTAN» ақпарат пен деректер алмасатын көп функционалды әлеуметтік қосымшасы. Жоба тобының құрамына: Мырзағалиева Анар Базаровна, биология ғылымдарының докторы; Тустубаева Шынар, С.Аманжолова атындағы ШҚМУ-тінің 2 курс магистранты; Серікбаев Дәулет; Сқақова Қарлыға дәрігер-эпидемиолог.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

2-курс Биология және Геоботаника мамандықтарының ҒЗЖ бойынша онлайн семинар

10.04.2020

10 сәуір күні Биология және биотехнология факультетінің, Биоалуантүрліліктер және биоресурстар кафедрасының кезекті семинары Zoom қосымшасы арқылы онлайн режимде өткен болатын. Семинарда «6М061300-Геоботаника», «6М060700-Биология» мамандығының 2-курс магистранттарының диссертация бойынша жасалынған ғылыми-зерттеу жұмысының есебі тыңдалып, осы уақытқа дейін жасалған жұмыстары баяндалды. Семинарға кафедра меңгерушісі Курманбаева М.С., сонымен қатар кафедраның профессор-оқытушылары қатысты: Н.М. Мухитдинов., Т.М.Шалахметова., Сапаров Қ.А., Инелова З.А., Назарбекова С.Т., Мамурова А.С., Чильдебаева А., Алдасугурова Ч.Ж., Тыныбеков Б.М. Сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар айтылды және диссертациялық жұмыстың қорғауға қаншалықты дайын екендігі анықталды. Кафедра хатшылары Алдасугурова Ш. мен Пангереев Б. онлайн семинар тәртібін жазып отырды.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

VII Халықаралық «Фараби Әлемі» конференциясы

08.04.2020

Биология және биотехнология факультетінде 2020 жылы 8 сәуірде студенттер мен жас ғалымдардың VII Халықаралық «Фараби Әлемі» конференциясы өтті, ол биыл онлайн режимінде өтті. «Биологияның және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» 1 секцияға барлығы 112 тезис қабылданды. Онлайн жиналыс үшін 10 есеп таңдалды. Секция жеңімпаздары: І орын - Амангелдинова М.Е. II орын - Муканова Е.Т., Идаят Н.И. III орын - Алибай А.Н., Жәмит А.Е., Ургенишбаева Ж.И.

 Практикалық қолдануға арналған баяндама тақырыбының өзектілігі туралы сертификат: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1 курс докторанттары Джумаханов Г.Б., Жиенбеков А.К. Қызықты презентация сертификаты: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенттері, Исаев Д. Қызықты баяндама сертификаты: Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студентi Әл-Фараби, Қаниева Г.А.  

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Байқаудың барлық қатысушыларына жаңа жетістіктер мен шығармашылық жеңістер тілейміз!   

 

оқытушы Қонысбаева Айжан Амиржановна

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:

16.03.2020

 

- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;

- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;

- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

- науқас адамдармен байланыста болмауға;

- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз!

16.03.2020

 

Биоаулантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға окытушысы,  PhD Сейлхан Айнур Сейлханқызы  «Білім беру саласының үздігі» атты марапатымен құттықтаймыз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

11.03.2020

5B050600-Биология мамандығының 3 курс студенті Мүлікова Алтынай, Алматы қаласының әлеуметтік –қоғамдық дамуында «Книгу за жизнь» атты жобаға зор үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

 

 

 

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз!

11.03.2020

5B050600-Биология мамандығының 3 курс студенті Мүлікова Алтынай, Алматы қаласының әлеуметтік –қоғамдық дамуына зор үлес қосқаны үшін дипломмен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz


 


 

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз!

11.03.2020

Биоаулантүрлілік және биоресурстар кафедрасы окытушы Сейлхан Айнур Сейлханқызын  PhD «Экология» мамандығы бойынша диплом алуынызбен құттықтаймыз!

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

 

 

Ары қарай оқу >>

Томирис

05.03.2020

         

           "Томирис" фильмінің басты рөлін сомдаған актриса, кәсіби бағдарлаушы коуч, Орталық Азияның іскер әйелдер конгресін ұйымдастырушы комитет директоры Альмира Тұрсын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін 85 жылдығымен құттықтап, оқытушылық құрам мен студент жастарға жылы лебізін білдірді.

 

доцент Абдуллаева Б.А

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>