2-курс Биология және Геоботаника мамандықтарының ҒЗЖ бойынша онлайн семинар

10.04.2020

Көрулер: 1846

10 сәуір күні Биология және биотехнология факультетінің, Биоалуантүрліліктер және биоресурстар кафедрасының кезекті семинары Zoom қосымшасы арқылы онлайн режимде өткен болатын. Семинарда «6М061300-Геоботаника», «6М060700-Биология» мамандығының 2-курс магистранттарының диссертация бойынша жасалынған ғылыми-зерттеу жұмысының есебі тыңдалып, осы уақытқа дейін жасалған жұмыстары баяндалды. Семинарға кафедра меңгерушісі Курманбаева М.С., сонымен қатар кафедраның профессор-оқытушылары қатысты: Н.М. Мухитдинов., Т.М.Шалахметова., Сапаров Қ.А., Инелова З.А., Назарбекова С.Т., Мамурова А.С., Чильдебаева А., Алдасугурова Ч.Ж., Тыныбеков Б.М. Сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар айтылды және диссертациялық жұмыстың қорғауға қаншалықты дайын екендігі анықталды. Кафедра хатшылары Алдасугурова Ш. мен Пангереев Б. онлайн семинар тәртібін жазып отырды.


 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz