Жаңалықтар

Құрметті әріптестер, білім алушылар, барша қазақстандықтар!

30.08.2020

30 тамыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Конституция – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының, әр азаматтың, әр отбасының амандығының, бақ-берекесінің кепілі!

Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз! Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Біздің ботаникалық бағымыз - Қазақстанның ботаника ғылымдарының мақтанышы!

15.06.2020

Бүгін, 15 маусымда қалпына келтіруден кейін Алматы қаласының негізгі ботаникалық бағы келушілер үшін ашылды. ҚР БҒМ ботаника және фитоинтродукция институтының ботаниктеріне қала тұрғындары болып қолдау көрсетіп, алғыс айтамыз! Біздің әріптестеріміз бұл іске барлық жан-тәнін салғаны сезіледі. Біздің ботаникалық бағымыз - Қазақстанның ботаника ғылымдарының мақтанышы. Бізге көптеген экспозициялар жақсы танымал! Бұл экспозициялар: «Дәрілік өсімдіктер», «Сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер», «Солтүстік және Оңтүстік Америка дендрологиясы», «Шығыс Азия», оранжерея және т.б. Бақта белгілі ғалым флористтер мен ресурс зерттеушілер, дендрологтар мен фитопатологтар жұмыс істейді. Мерекелеріңізбен, әріптестер, сіздерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ботаниктері құттықтайды.

            Ботаникалық бақта дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялар үшін бай материалдар бар. Керемет ағаштардың көлеңкесінде отырып, осы көктемде жиналған студенттердің гербарийлерін тексере алдық. Осы уақытта бізге ересек қала тұрғындары келіп, біздің жұмысымызды қызығушылықпен бақылады. «Хабар» телеарнасының журналистері мен блогерлері сұхбат беруді сұрады. Күн өте қызықты және есте қаларлық болды!

Профессор Назарбекова С.Т.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университеті әлемнің үздік университеттерінің қатарында 165-орынды иеленді!!!

10.06.2020

СҮЙІНШІ!!!

QS WORLD UNIVERSITY RANKING   әлемдік үздік оқу орындарының рейтингісінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і алғаш рет топ-200ке кіріп, 165-орынды иеленіп айтарлықтай жетісітікке жетті.

Аталмыш жетістік ҚР ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессоры,­ ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың білікті басшылығымен, ұйымдастыру қабілетінің жоғары деңгейі әрі университет ұжымынының ерекше табандылығының арқасында келді, оған себеп университеттің басқару секторы үздік нәтижеге қол жеткізуі үшін басқару жүйесінде кешенді кластерлі модернизациялауды пайдаланды, атап айтсақ: жаңа әдісті қолдану - ұтымды жүйені енгізу - анықталған кемшіліктерді ескеру - шешу жолдарын анықтау - қажетті нәтижелерге қол жеткізу қағидасын негізге алған университетіміздің басшылығы мен барлық құрылымдарының жұмыла жүргізген еңбегінің жемісі деп білеміз!

Кафедра биоразнообразия и биоресурсов 

www.kaznu.kz 

 

Ары қарай оқу >>

Кафедра мен университет тарихында алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түлектер күніне арналған онлайн іс-шара өтті!

30.05.2020

СОVID-19 пандемиясына қарсы жалғасып келе жатқан карантинге байланысты биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1150 жылдығына арналған Түлектер күнін қашықтықтан өткізді.

Онлайн іс-шараға шамамен 40 адам қатысты, оның ішінде биология және биотехнология кафедрасы мен факультетінің түлектері.

Факультет деканы, б.ғ. д., профессор Заядан Б. К. іс-шараға қатысқан барлық түлектерді құттықтады. Деканның айтуынша, кафедра профессорлары-біздің университеттің мақтанышы және биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасын дамытуға одан әрі өз үлестерін қосуға үндеу жасады.

Іс-шараның модераторы және биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д. Құрманбаева М. С. да өз құттықтауларын айтып, кафедраның болашақ түлектеріне барлық жақсылықтарды тіледі. Кейін қатысушылар университеттің әнұранын тыңдап, ҚазҰУ ректорының құттықтауларын тыңдады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, т.ғ.д., профессор Мұтанов Ғ. М. және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Түлектер Қауымдастығының Президенті атынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, з.ғ.д., профессор Мәми Қ. А. шара барысында "ҚазҰУ: болашаққа ұмтылған Университет" атты бейнеролик көрсетілді.

Негізгі бөлімде кафедра жетістіктерімен видеоролик көрсетілді – жылыжайлар (Smart Green House), Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында орналасқан «Қысқы бақ көрсетілді», «Аквапоника» (университет аумағындағы жасанды су айдыны), «Балықтар мен өсімдіктердің сәндік түрлерін өсіру орталығы» ҒЗО, кафедра жүргізетін ландшафтық және басқа да жұмыстар. Видеоролик факультет пен кафедра түлектерінің зор үміт артып отырған баяндамаларымен жалғасты. Бірінші кезекте б.ғ.д., МАН ЖМ корреспондент-мүшесі, профессор Шалахметова Тамара Минажевна сөз сөйледі. Одан кейін "MG" ЖШС индустриалдық форель шаруашылығының директоры Тұрсынәлі Марлен сөз сөйледі, одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Университетінің биоинженирия зертханасының меңгерушісі Аскарова Шолпан сөз сөйледі. Сонымен қатар докторант, Дүниежүзілік банк грантының иегері Нұркенов Туленды сөз сөйледі, ол қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттары, Иллинойс университетінде бір жылдық тағылымдамадан өтуде. Бейнероликті кафедра докторанты, Rufford Small Grants грантының иегері және жас зоолог-энтузиаст Бижанова Назерке Әлімқызы аяқтады.

Онлайн іс-шараның қорытынды бөлімінде факультеттің атақты түлектері: биология ғылымдарының докторлары, кафедра профессорлары Мухитдинов Н. М., Сапаров К. А., Нуртазин С. Т., Мусабеков К. С., Шалахметова Т. М. сөз сөйледі. Х. Досмұхамедов атындағы ҚазҰМУ Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі деканының орынбасары Скакова Р. Т. өз алғысын білдірді. Америкадан уақыт айырмасына қарамастан, кафедра докторанты Нұркенов Т. сөз сөйледі.

Онлайн қарым-қатынас қызу өтті, қатысқан түлектер риза болды. Соңында кафедра меңгерушісі М.С. Құрманбаеваның құттықтау сөзінен кейін, іс-шараға қатысушылар университет дайындаған "Армандастар" әнін тыңдап, ән шырқады.

Кафедраның ең ірі онлайн іс-шарасын ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі Курманбаева М. С. (модератор), аға оқытушы Манкибаева С. А. (бас ұйымдастырушы), оқытушы және докторант Бижанова Н. Ә. (Бейне-оператор), оқытушылар Зорбекова А. және Тлешова М., кафедра магистранты Пангереев Б. (ұйымдастырушылар). Кафедраның магистранты Бердикулов Б., сонымен қатар оқытушылар Зорбекова А.және Тлешова М. түлектердің сөйлеген сөздері бойынша бейнені редакциялау және жасау бойынша жұмыс жасады.

Бижанов Н.Ә.,

оқытушысы және докторанты

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗМУ/ҚАЗҰУ ТҮЛЕКТЕРІ!

25.05.2020

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы Сіздерді 2020 жылы 30 мамыр күні сағат 12.00-де әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дәстүрлі ҚазҰУ түлектерінің Форумына шақырады.

Кездесу онлайн режимде Zoom бағдарламасын қолдану арқылы өткізіледі.

Өтілетін күні 30 мамыр 2020 жыл.

Басталуы сағат 12:00.

Іс – шара ZOOM платформасында өткізіледі.

Конференция идентификаторы 551 893 5241

Пароль 1234

Байланыс телефоны: +7 771 409 3809

Ары қарай оқу >>

Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз!

24.05.2020

Шалахметова Тамара Минажовна биология ғылымдарының докторы, профессор. 1970 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің биология факултетіне түсіп, 1975 жылғы түлегі.

1981 жылы ҒА СССР цитология институтының диссертациялық кеңесінде «Цитология» мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертациясын қорғады.

1981 жылдан 1989 жылға дейін – ҚазССР (Алма-Ата қ.) ДМ ҚазҒЗИ кардиология бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды. 1985 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік университетінің цитология және гистология кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.

1989 жылы ол сол кафедраның доценті және МЕМ биотехнология және биология мәселелері ҒЗИ (1993-1998ж) аралығында басшы орынбасары қызметінде, МЕМ экология мәселелері ҒЗИ директор қызметін (2000-2008 ж)атқарды.

1995-1998 жылдары докторантурада оқыды, 1999 жылы «Гистология, эмбриология, клеткалық биология» мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді.

2001 жылы биология ғылымы аясында профессор атағын алды.

2008-2015 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің деканы болып тағайындалды.

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының құрметті профессоры болып табылады.

350-ден астам ғылыми еңбектерде жарияланды, оның ішінде Scopus және Web of Science мәліметтер базасына кіретін жоғары рейтингті журналдарда мақалалар, монография, ҚР өнертабысқа авторлық куәліктер, патенттерге ие.

Кадрлар даярлауда белсенді қатысты, оның жетекшілігімен 12 ғылым кандидаты мен PhD қорғалған.

2000 жылдан 2010 жылға дейін үш мамандық бойынша докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы болды және қазіргі уақытта PhD дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғау жөніндегі кеңестің мүшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің екі төсбелгісімен, «әл-Фараби атында ҚазҰУ дамуына қосқан айрықша үлесі» күміс медалімен марапатталған, Қазақстан Республикасының ғылымы мен техникасының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға мемлекеттік ғылыми стипендиясымен марапатталған (2005-2006; 2018-2019 жж.). және «Университеттің үздік оқытушысы» марапатының иегері (2010).  

Шалахметова Тамара Минажовнаның өзі білім алған оқу ордасына үлкен маххабатпен 45жыл бойы талмай қызмет етуі өз ісінің үздік шебері әрі кәсіби маманы мен қайталанбас көшбасшысы және білікті ұйымдастырушы екендігін дәлелдей түсуде.

Ұстазымыз, әріптесіміз: Шалахметова Тамара Минажовнаны дәстүрлі түлектер күнімен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс пен бақыт тілейді!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

 

Ары қарай оқу >>

Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз!

22.05.2020

Есік қаласында орналасқан "MG" ЖШС @almaty_fish.kz индустриалды форель шаруашылығына экскурсия. Бұл шаруашылық айналымдарды дамыта отырып, жылдам қарқынмен өсуде және форель өсіру бойынша модельді, үлгілі шаруашылық болуы мүмкін, өйткені мұнда осы патша балығын өсіру үшін барлық ең жақсы жағдайлар жасалған, су температурасы, оттегі режимі, жоғары сапалы форель жемдері және шаруашылық қызметкерлері тарапынан тәулік бойы күтімді жасау. Әрине, кез келген табысты өндірістің артында табысты кәсіпкер-біздің түлек Марлен тұр.Ол әрдайым: "Аквамәдениетпен а йналысу-бұл біздің болашағымыз, сондықтан кадрларды дайындау аса маңызды" деп айтады. Позитивті, жігерлі, ынталы, барлық жаңалықтарды жақсы көреді, ал ең бастысы өз мамандығына адал Марлен-өзі барлық түлектер үшін тамаша үлгі болып табылады! Бұл жерде Марленге оның тікелей қатысқандығы үшін, сирек кездесетін, қазіргі «балық шаруашылығы» трендті мамандығына немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс білдіргім келеді және оған үлкен кемеде ұзақ жүзуге тілек білдіргім келеді. Аталмыш пост әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлектері күніне арналады.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз!

20.05.2020

Шолпан Асқарқызы 1996 жылы бакалавриатты тәмамдады. Ал 1999 жыл магистратурасында оқып, білім алды. 2005 жылы Кандидаттық диссертациясын қорғап, 2006-шы жылдан 2011-ші жыл аралағында PhD докторантурасын болашақ бағдарламасы арқылы АҚШ-тағы Миссури университетінде, диссертациясын қорғап, PhD дәрежесіне ие болды. Қазіргі таңда, Биоинженерия және регенеративтік медицина зертханасының жетекшесі, Өмір туралы ғылымдар орталығы, "National Laboratory Astana" ЖМ, Назарбаев Университеті.

Білімі

Ph.D., Жасушалық Биология, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан (2004), Ph.D., Биологиялық Инженерия, Миссури Университеті, AҚШ (2011).

Зерттеу Саласы

Нейродегенеративті аурулардың дамуының молекулалық және клеткалық механизмдері; жасушалармен емдік агенттерді ұлпаға бағыттап жеткізу.

Шолпан Асқарқызын дәстүрлі түлектер күнімен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс пен бақыт тілейді!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз!

20.05.2020

Мамилов Надир Шамилевич биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті. әл-Фараби атындағы ҚазҰУнің 1990жылғы түлегі.

1996 жылы ҚР БҒМ ҒК Зоология институтында кандидаттық диссертациясын қорғады. ҚазҰУ-да жұмыс істеу. Әл-Фараби 1990 жылдан бастап зоология және ихтиология кафедрасында аға лаборант болып бастады.

2017жылы биология саласында қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алды.

1990 жылдан 1999 жылға дейін проф. В.П. Митрофановтың жетекшілігімен жобалардың орындаушысы болды,

2003 жылдан 2017 жылға дейін ғылыми-зерттеу жобаларына қатысты.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері 100-ден астам ғылыми еңбектерде жарияланды, олардың ішінде Scopus және Web of Science базасына енгізілген журналдарда мақалалар, Scopus деректер базасына сәйкес h-index-2 монографиясы жарыққа шықты.

Доцент Мамилов Н.Ш. кадрларды дайындауға белсенді қатысады, оның жетекшілігімен биология ғылымдарының 3кандидаты қорғалды. Қоғамдық жұмысы: ЮНЕСКО "Адам және биосфера" бағдарламасының Қазақстандық комитетінің мүшесі (MAB), Орталық Азия балықтарының әртүрлілігін сақтау бойынша халықаралық табиғатты қорғау одағының (МСОП-IUCN) жұмыс тобының мүшесі.

"ЖОО үздік оқытушысы" атағымен марапатталды (2019 ж.).

Университетіміздің түлектерді дәстүрлі ресми түрде ұлықтау шарасы биыл қашықтықтан жүргізлуіне қарамастан ұжымыздың құрметті азаматы, оқытушысы, әріптесіміз:Мамилов Надир Шамилевичті түлектер күнімен құттықтаймыз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

 

Ары қарай оқу >>

Ұлы Отан соғысына 75 жыл

04.05.2020

Қазақстанда 9 мамыр негізгі мемлекеттік мерекенің бірі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткен күн деп белгіленген. Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда таңсәріде Германия фашистері, 1939 жылы келісілген совет-герман шартын бұзып, КСРО-ға шабуылын бастаудан басталды. Майдан алаңына Қазақ ССР-нан 1,2 миллионнан аса әскер, 12 атқыштар, төрт кавалерия дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар алынды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 499 қазақстандықтар, олардың ішінде 99 қазақ Совет Одағының Батыры, Халық Қаһарманы атағына ұсынылды. Сонымен қатар қазақтың екі аруы – Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлова Совет Одағының Батыры атағын алды. 110 қазақстандық үш дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.

Батырларлың ерлігі мәңгі есімізде, басымызды иіп тағзым етеміз!

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>