Жаңалықтар

Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО қамқорлығымен 2020 жылы халықаралық ауқымда атап өтіледі.

27.02.2020

2020 жылы Қазақстанда ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтеді, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Қазақстанда ірі оқу орны-Қазақ ұлттық университеті, оның аумағында Ұлы философтың құрметіне аталған кітапхана бар. Біз осы биология және биотехнология факультетінің ББ18-07 тобының студенттері Ұлы ата-бабамыздың құрметіне ашық шара өткізді. Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО қамқорлығымен 2020 жылы халықаралық ауқымда атап өтіледі.

Куратор-эдвайзер: Елтай Гульмира Есенкызы, және ұстаздарға Сандуғаш Аманжолқызы Манкибаева, Назым Құрманбайқызы Корбозоваға жеке алғысымызды білдіреміз.

Ары қарай оқу >>

«Рухани жаңғыру аясында» жазылған «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлар коллекциясының каталогы»

27.02.2020

27.02.2020 жылы Биология мұражайының көрме залында мұражайдың бас маманы Қ.С.Мұсабековтың «Рухани жаңғыру аясында» жазылған «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлар коллекциясының каталогы» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) тұсау кесері өткізілді!

Қ.С.Мұсабековтың бұл кітабы «Қазақ университеті» баспа үйінде 2019 жылы жарыққа шықты. Кітап үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті биология мұражайындағы омыртқалы жануарлар коллекциясының каталогы» жануарлардың бірегей коллекциялық қорын көп жылдар бойы зерделеп жасалған еңбек. Биологиялық мұражайдың коллекциялық қоры үлкен ғылыми және білімдік мәнге ие, оның басты мақсаты Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды қорғау болып табылады.

Автор: Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурттар кафедраcының

оқытушысы Джумаханова Г.Б.

Ары қарай оқу >>

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

26.02.2020

Биыл халқымыздың ұлы перзенті, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы ауқымды түрде аталып өтуде. Соған орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология және Биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 3 курс студенттері мен профессор Сапаров Қ.Ә. жетекшілігімен "Жасымда ғылым бар деп ескермедім..." деген тақырып аясында әдеби- шығармашылық кеш өткізді. "Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды". "Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті, әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты. Соның арқасында бүкіл Қазақстан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Мерекелік іс-шарага кафедрамыздың меңгерушісі Құрманбаева М.С; оқытушылары: доцент Аметов А.А, Манкибаева С.А; Абдуллаева Б.А; Корбозова Н.К; Елтай Г.Е; Зорбекова А.Н; Тілешова М.Т; Мауленова С.С; Қонысбаева А.А, Басыгараев Ж.М қатысты.

Ары қарай оқу >>

Академ мобильность бойынша кездесу

17.02.2020

17-26 ақпан 2020 жыл аралығында Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы КМУ "Биология және ОӘ"  2 курс магистранттары академиялық мобильділік бойынша биология және биотехнология факультетінде тағылымдамадан өту барысындағы б.ғ.д.,профессор Н.М.Мухидинов, профессор Ә. Әметов, доцент Н.З. Ахтаева, б.ғ.к., А.Т. Мамуровамен кездесіп ғылыми бағыттарымен танысты

Ары қарай оқу >>

«Шаруашылықты жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік мекеме клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу мен қатар сертификациялау және биобақылау жүргізу орталық зертханасы» басшысымен кездесу

10.02.2020

11.02.2020 жылы биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 535 аудиториясында «Шаруашылықты жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік мекеме клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу мен қатар сертификациялау және биобақылау жүргізу орталық зертханасы» басшысымен кездесу өтті. Зертхана келесі бағыттардың жүргізілуін қамтиды: медицина, фармакология, фармация, токсикология, биотехнология, физиология, биохимия, экология сынды салалар бойынша зерттеулер жүргізеді, сонымен қатар биологиялық белсенді заттар мен жаңадан қолданыс тапқан дәрілік заттарды клиникаға дейін зерттеумен де айналысады, медицинаға, мал шаруашылығына, ветеринария және экология зиян келтірмейтін жаңа тиімді технологияларды жасап шығарумен қатар өндіріске енгізумен айналысады. Клиникаға дейінгі зерттеулер кезінде еліміздің түрлі аймағында өтетін зерттеулердің адам өміріне және экологияға зиян тимеуін биобақылау және мониторинг жүргізу. Жалпы мекеме биохимиялық, гематологиялық, жалпыклиникалық, иммунохимиялық әдістерді қолдана отырып 200 ден астам зертханалық зерттеулер жүргізеді. Мекеменің патогендермен жұмыстеуге және медициналық диагностика жүргізуге арналған лицензиясы да бар.

Ары қарай оқу >>

Докторант Бижанова Назеркенің сирек кездесетін Түркістан сілеусіні туралы жобасы Rufford Small Grants гранттарынан қаржыландырылды!

06.02.2020

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты Бижанова Назерке Әлімқызы Rufford Small Grants ғылыми грантын жеңді. Докторлық диссертация аясында бұл жоба Солтүстік Тянь-Шаньдағы Түркістан сілеусін (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) популяциясының жағдайын зерттеуге және осы сирек кездесетін жыртқышқа шектеуші әсер ететін факторларды анықтауға арналған. Бижанова Назерке осы сирек кездесетін мысықты зерттеу туралы инициатива бастап, зерттеу тобының жетекшісі ретінде басқаруда.

Жобаның тақырыбы: «Солтүстік Тянь-Шаньның Қазақстан бөлігінде мекендейтін Түркістан сілеусінінің популяциясы және сақталу жағдайы (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847)» / «Population and conservation status of the Turkestan lynx (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) in the Kazakh part of the Northern Tien Shan».

Жұмыста дәстүрлі зоологиялық және қашықтықтан зерттеудің әдістері, атап айтқанда, фотоқақпандар қолданылады. Зерттеу үш ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілетін болады: Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы және Көлсай Көлдері ұлттық табиғи паркі.

Жобаның аясында ғылыми-зерттеу тобы сілеусіннің мекендейтін жерлерінің деградациясы мен бөлінуі, браконьерлік, тағам нысандары санының азаюы сияқты негізгі қауіптерді ескере отырып, жоба аясында зерттеу тобы зерттеу жасап, зерттеу нәтижелерін қорғау стратегиясын жасау үшін пайдаланылады; қорғалатын табиғи аумақтардың желілерін жақсарту және оларды басқарудың тиімділігін арттыру; білім беру мақсатында және осы ірі жыртқыш мекендейтін жерлерде тұратын жергілікті тұрғындардың хабардарлығын арттыру үшін пайдаланады.

Зерттеу тобы 7 зерттеушіден тұрады:

1. Бижанова Назерке – Зоология Институтының Териология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, оқытушы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты;

2. Грачев Алексей – Зоология Институтының Териология бөлімінің меңгерушісі, «Wildlife Without Borders» қорының негізін қалаушы;

3. Кантарбаев Санжар – Зоология Институтының Териология бөлімінің ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты;

4. Байдавлетов Ерлик – Зоология Институтының Териология бөлімінің ғылыми қызметкері;

5. Грачев Юрий – Зоология Институтының Териология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты;

6. Сапарбаев Салторе – Зоология Институты Териология бөлімінің және Алматы мемлекеттік табиғи қорығы ғылыми қызметкері;

7. Беспалов Максим – Ассистен және дала менеджері.

Жоғарыда аталған барлық қатысушылар тәжірибелі және білімді териологтар.

 Биоалуантүрлілік және биоресурстар бөлімі Бижанова Назерканы осы жетістікпен құттықтайды және оған одан да күшті жетістіктер тілейді!

Кафедра биоразнообразия и биоресурсов

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Қатар Республикасы Доха қаласындағы халықаралық форумда қатысқан жас зоолог

05.02.2020

Қатар Республикасы Доха қаласындағы халықаралық форумда қатысқан жас зоолог

Бижанова Назерке, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы және Зоология Институтының кіші ғылыми қызметкері, қазіргі уақытта, PhD докторант, Катар Республикасы, Доха қаласында өткен Doha Islamic Youth Forum 2019 халықаралық форумына қатысты. Форум үш тақырыпқа арналды: Басқару, Тұрақты даму және Әлеуметтік желілерді пайдалану. Форумда өткен пікірталастарда Назерке Қазақстандағы жас ғалымдар кездестіретін мәселелер туралы және бұл проблемалар форум аясында талқыланатын мәселелермен тікелей байланысты екенін айтты.

Назерке мұндай үлкен шараға қатысып, өз елін, Қазақстанды таныстыру ол үшін үлкен мәртебе екенін айтты. Форумға қатысу үшін 9 600 үміткерден 57 OIC елдерінің 90-ға жуық қатысушы іріктеліп алынды.

«Біз тиімді басқару, тұрақты дамудың мақсаттары мен жастардың білім беру мен оқудағы мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік желілерді пайдалану сияқты маңызды мәселелерді талқыладық. Іс-шаралар сарапшылардың дәрістерінен басталды, одан кейін барлық қатысушылар ми шабуылына арналған сессиялар мен пікірталастарға қатысты. Семинарлар өте қызықты ұйымдастырылды, онда біз алдында айтылған маңызды мәселелерді шешу идеяларын ұсындық.

Форумның үшінші күні Мәдениет және спорт министрі келіп, бізбен пікірталас өткізді.

Организаторлар бізді Ұлттық кітапханаға, әйгілі Aspire спорт академиясына, Ұлттық мұражайға және Қатар Республикасының Орталығына бару секілді жерлерге апарып, Қатар мәдениетімен таныстырды. Мен Қатар Ресупбликасында бірінші рет барып тұрмын, және оның астанасының инфрақұрылыммен, ерекше және кең ғимараттармен, қалада тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың мысалдарымен таңқалдым, әрі бастысы – осы шараны ұйымдастырушылардың қонақжайлылығымен ризамын».

«Соңғы екі күнде ICYF және Катар Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған OIC модельдік саммитіне өз үлестерімізді қостық деп ойлаймын. Мен осы форумда кездестірген барлық қатысушыларға жақсылық тілеймін және біз тағы да кездесеміз деп сенемін», - деді Назерке.

 

Назерке Бижанованың пікірінше, форумның барлық қатысушылары қабылдаған көптеген шешімдер Қазақстанда қолданылуы керек, және ол бұған қол жеткізу үшін, атап айтқанда тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау саласында қол келгенше көп жұмыс жасауға тырысады.

Кафедра биоразнообразия и биоресурсов

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Түркияда өткізілген Ауыл шаруашылығы және Жаратылыстану ғылымдарының III Халықаралық конгресі

17.10.2019

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Биология және Биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.к., аға оқытушысы Шалгимбаева С.М. 2019 жылы 17 - 20 қазан аралығында Түркияда өткен Ауыл шаруашылығы және Жаратылыстану ғылымдарының III Халықаралық конгресіне қатысып «Төменгі Жайық өзеніндегі көксерке популяциясының сипаттамасы» тақырыбында постерлік доклад қорғады. Бұл жұмысты бір топ ғалымдар жүзеге асырды: КазЭкопроекттен - Николай Попов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан - Сәуле Шалгимбаева, Гаухар Джумаханова мен Жанар Омарова және Қазақ-Неміс университетінен - Найля Ибрагимова.

Авторы: Шалгимбаева С.М. және Джумаханова Г.Б

Биоалуантүрлілік және юиоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты Оразов Айдын Ерғалиұлы Дебрецен университетінде халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтеді (Дебрецен, Мажарстан)

10.10.2019

Аль-Фараби ат. ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетенің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының «6D061300-Геоботаника» мамандығы бойынша PhD докторанты Оразов Айдын Ерғалиұлы Дебрецен университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтеде (Дебрецен, Мажарстан). Дебрецен университеті (Мажар. Debreceni Egyetem) - Дебрецендегі ең ірі оқу орны және Мажарстанның жетекші университеттердің бірі.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасын

Мұхитдинов Наштай Мұхитдинұлы., б.ғ.д., профессор.

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Арал теңізі аймағының экологиялық проблемалары»

23.09.2019

16-шы және 23-ші қыркүйек аралығында биология және биотехнология факультетінің, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында профессор С.Т Нуртазиннің жетекшілігімен «Арал теңізі аймағының экологиялық проблемалары» тақырыбында жазғы мектеп өткізілді. Жазғы мектепке Грайфсвальд Университетінің (Германия) профессорлары мен студенттері қатысты. Жазғы мектеп аясында «Барсакельмес» мемлекеттік табиғи қорығына экскурция ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>