«ҚАЗҰУ ХАБАРШЫСЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СЕРИЯСЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫ – 2023» БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
09.11.2023Халықаралық қатынастар факультеті ғылыми қызметті дамыту және университеттің стратегиялық міндеттерін орындау шеңберінде ғалым-зерттеушілерді ынталандыру, ғылыми жарияланымдардың деңгейі мен сапасын арттыру, сондай-ақ, ғылыми мақалаларға дәйексөздер санын арттыру мақсатында «ҚАЗҰУ ХАБАРШЫСЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СЕРИЯСЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫ – 2023» байқауын өткізеді.






