Халықаралық қатынастар факультетінде Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесу өтті

31.10.2023

Көрулер: 295

2023 жылдың 30 қазанында Халықаралық қатынастар факультетінде Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы Юзеф Тымановскийдің факультет студенттерімен кездесуі өтті. Юзеф Тымановский студенттерге «Польшаның Еуропадағы рөлі мен маңызы» тақырыбында дәріс оқыды.

Консул мырза өз дәрісінде Польшаның Еуропалық Одақтағы орны, одақ шеңберіндегі поляк мемлекетінің мүмкіндіктері, демократиялық қайта құрулардың қажеттілігі, тұрақты азаматтық қоғамды қалыптастыру туралы сөз қозғады.

Кездесу диалог форматында өтті. Кездесуге факультет деканы, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, қазақстандық және шетелдік студенттер, халықаралық қатынастар факультетінің магистранттары мен докторанттары қатысты.

Дәріс соңында студенттер Польшадағы Қазақстандағы өзгерістерге деген көзқарас пен қабылдау, Польшаның сыртқы саясатының құралы ретінде Вышеград төрттігі туралы, әлемдегі демократиялық үдерістер туралы және т. б. сұрақтарын қызығушылықпен қойды.  Жалпы кездесу жоғары кәсіби деңгейде өтті.

Халықаралық қатынастар және әлемдік

экономика кафедрасының меңгерушісі Байкушикова Г.С.