Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күніне арналған «XXI ғасырдағы БҰҰ рөлі» атты халықаралық дөңгелек үстел

24.10.2023

Көрулер: 423

2023 жылдың 24 қазанында ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ туралы ақпарат беретін Академиялық Аймақтық Ресурстық Орталығы және БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматы қаласындағы өкілдігі бірлесіп БҰҰ күніне арналған «XXI ғасырдағы БҰҰ рөлі» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел Алматыдағы БҰҰ Плаза ғимаратында өткені қатысушылар үшін ерекше болды.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі заманғы қақтығыстарды шешудегі БҰҰ рөлі, 17 тұрақты мақсатты жүзеге асыру және осы үдеріске

жастардың қосқан үлесі туралы баяндамалар мен презентациялар таныстырылды. Сондай-ақ қазіргі жастардың БҰҰ қызметіне және тұрақты дамудың 17 мақсатын ілгерілетудегі бастамалары мен үлесі талқыланды.

Құттықтау сөзімен Алматыдағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек пен БҰҰ туралы ақпараттың Академиялық Аймақтық Ресурстық Орталығының директоры Лейла Деловарова іс-шараны ашты. Іс-шараға «Американдық кеңестердің» өкілдері – Дарья Зеленухина мен Жетілдірілген Орыс тілі және Аймақтану бағдарламасының студенттері де қатысты. Дөңгелек үстел барысында БҰҰ Қауіпсіздік операциясы орталығының жетекшісі Азамат Аягузов Қазақстанның БҰҰ бітімгершілік күштері мен өзінің кәсіби тәжірибесі туралы бөлісіп, осы тақырып бойынша студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қазіргі жағдайда БҰҰ рөлінің әртүрлі аспектілерін көрсететін баяндамалар жасады. Қатысушылар өз сөзінде жастардың заманауи проблемаларды шешуге және 17 SDG ілгерілетуге қатысуының мысалдарын келтіріп, жаңа бастамаларды ұсынды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш атап өткендей, «оның ажырамас бөлігі бейбітшілік, тұрақты даму және баршаға арналған адам құқықтары болады» деп атап өткендей, жақсы болашақты құрудағы одан әрі ынтымақтастыққа тілек білдірді.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы Деловарова Лейла Федоровна, ҚҚФ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туралы БҰҰ ақпараттың академиялық аймақтық ресурстық орталығының белсенділері.