Жаңалықтар

ХҚФ 1 курс студенттерімен кездесу

05.09.2020

2020 жылдың 4 қыркүйегінде, Zoom платформасында, бағдар беру апталығы аясында Халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курс студенттерімен кезекті кездесуі өткізілді. ХҚФ дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Сейдикенова Алмаш Смайылқызы бірінші курс студенттеріне оқу кезеңінде шет тілдерін таңдау мәселелерін түсіндірді. Кездесуде, сондай-ақ, DAAD дәріс берушісі және неміс тілінің оқытушысы Торстен Кеслер, және француз және ағылшын тілдерінің оқытушысы, Страсбург университетінің түлегі Жереми Лонжон сөз сөйледі. Кездесу модераторы факультеттің аға куратор-эдвайзері Тлеубеков С.Т.

 

Ары қарай оқу >>

1 курс студенттерінің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастар ұйымдарының төрағасы және ХҚФ аға эдвайзерімен кездесуі

03.09.2020

2020 жылдың 3 қыркүйегінде Zoom платформасында бағдар беру апталығы аясында Халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курс студенттерімен кездесу өткізілді. Бірінші курс студенттерімен кездесуде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы ҚазҰУ студенті туралы ережесі мен ҚазҰУ студенттерінің ар-намыс кодексінің ережелерімен таныстырды. Кездесу барысында бірінші курс студенттері ХҚФ топ эдвайзерлерімен және аға-эдвайзерімен танысты.

Ары қарай оқу >>

2020 онлайн форматындағы Түлектер күні

31.05.2020

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы 2020 жылдың 30 мамырында сағат 10.00-де Түлектердің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін жаңа онлайн режимінде ZOOM платформасында өткізді.

Аталмыш кездесуге «Халықаралық қатынастар», «Әлемдік экономика» және «Аймақтану» мамандықтарының мерейтойлық түлектері (20, 15, 10, 5 жыл бұрынғы және т.б. түлектер) шақырылды. Кездесуді халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Е.Чукубаев жүргізді.

Ары қарай оқу >>

Пресс-релиз

30.05.2020

30 мамыр 2020 жылы мамыр айының соңғы сенбісінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Түлектер күні» өткізілді. Халықаралық құқық кафедрасымен онлайн режимде Абу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған түлектер кездесуі өткізілді. Іс-шараға «Халықаралық құқық» мамандығын әр уақытта бітірген 30-ға жуық түлектер қатысты.

Іс-шараның модераторы - халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор м.а. Сайрамбаева Ж.Т. өзінің құттықтау сөзінде іс-шараның міндеті достық және іскерлік байланыстарды нығайту және дамыту екенін атап өтті.

Іс-шараның салтанатты бөлігі «Гаудеамус» студенттік әнұраны және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Мутанов Г.Г.  құттықтаумен басталды. Сонымен қатар, түлектерге арналған бейне құттықтауларда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының Президенті з.ғ.д., профессор Мами К.А. өз сөзін жолдады.

Кездесу барысында түлектер назарына университеттің және халықаралық құқық кафедрасының жетістіктері туралы презентация ұсынылды. Аудиторияның жағымды эмоциясы мен естеліктерін тудырған әр түрлі оқу жылының түлектері мен әріптестерінің естелік суреттерін көрсете отырып, з.ғ.к, доцент Машимбаева Г.А. кафедраның құрылу және даму тарихы туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында Халықаралық қатынастар факультетінің келесідей түлектерінің бейне құттықтаулары тыңдалды: ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Исетов А., ҚР Президенті Кеңсесінің мемлекеттік инспекторы Қайырбек М., ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық құқық департаментінің директоры Жумаканов Н., «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Боранбай А., ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының заңнама бөлімінің бас консультанты Ахметов Е., Ernst & Young Kazakhstan аға заңгері Адбукаримов А. және т.б.

Түлектер оқутышыларға жылы лебіздерін білдіріп, туған Альма-матердің одан әрі өркендеуіне тілектестіктерін білдірді. Әр түлектің өзіндік өмір жолы бар болғанымен, олар жыл сайын оқутышылар және топтастарымен қайта кездесуге уақыт тауып отырады.

Түлектер кездесуі болашақта осындай іс-шаралардың қажеттілігін көрсетті. Жылы атмосфера көрермендерді ұзақ уақыт бойына жағымды әсерге бөледі, өйткені студенттік жылдар әрқайсымыз үшін ұмытылмас, ең жылы, ең жақсы кездер...



Ары қарай оқу >>

Академиялық алмасу бойынша магистранттың КазҰУ-нің Халықаралық Қатынастар Факультетіндегі білім алуы туралы өз ойымен бөлісуі

27.05.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің академиялық алмасу бағдарламасы бойынша «Халықаралық қатынастар» факультетінің Дипломатиялық аударма кафедрасындағы «Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма» мамандығының 1-курс магистратурасында білім алып жүрген Францияның Université de Poitiers университетінің магистранты Рафаэль Фэйзон университет туралы өз ойымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы Кесслер Торстеннің қашықтықтан оқыту туралы ойымен бөлісуі

27.05.2020

ДААД лекторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Халықаралық қатынастар» факультеті Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы Кесслер Торстен қазақстандық студенттерге неміс тілін оқытудағы өз тәжірибесі және қашықтықтан оқыту жүйесіндегі университеттің артықшылықтары туралы ой бөлісті.

Ары қарай оқу >>