Жаңалықтар

2021 жылы 18 ақпанда Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкіл ресейлік сыртқы сауда академиясында «Пост-ковид кезеңдегі сыртқы экономикалық қызмет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

20.02.2021

 

2021 жылы 18 ақпанда Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкіл ресейлік сыртқы сауда академиясында «Пост-ковид кезеңдегі сыртқы экономикалық қызмет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. http://www.vavt.ru/news/docid/7C1D16

  Халықаралық конференция Zoom платформасында онлайн формата өтті және Ресей Федерациясының жетекші университеттерінен 70-тен астам қатысушыны: ғалымдарды, практиктерді, докторанттарды, аспиранттарды, магистранттарды біріктіре алды.

Жас ғалымдардың «Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу мәселелері» секциясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «халықаралық құқық» мамандығының докторанттары мен магистранттары ғылыми баяндамалар жасады: PhD докторант Ахметова А.А. ««Legal aspects of ensuring food security inthefield of grain», магистранттар Сейітқанова М.Б., Талғатова К.С. «Сандық экономикадағы зияткерлік меншікті қорғау», Сматаева Ә.А. «Электрондық коммерция саласындағы сауда келісімдерін құқықтық реттеу мәселелері». Ғылыми зерттеулер ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының ДСҰ және халықаралық сауда құқығы орталығы аясында дайындалдған.

Конференция нәтижесінде РҒЗИ ғылыми базасымен индекстелген материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

Ресейдің экономикалық даму министрлігі Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасына - Л.А. Леваеваға, барлық спикерлерге, конференция секцияларының модераторларына жоғары ұйымдастырушылық деңгейі және кәсіби көзқарасмен қызықты өткізу тәжірибе алмасуға арналған пікірталас алаңы үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде 2021 жылы "IRD News" студенттік жобасы өз жұмысын бастады.

16.02.2021

Халықаралық қатынастар факультеті 2021 жылдан бастап факультеттің белсенді студенттерімен бірге Youtube платформасында апта сайын әлемдік, халықаралық, аймақтық қатынастардағы оқиға мен жағдаяттарды сараптау-талдау мақсатында «IRD News қысқа ақпараттық-сараптамалық» студенттік жобасын бастады.

 

         2020 жылдың басты оқиғалары туралы шығарылым каналда. Сілтеме

https://www.youtube.com/channel/UCOC7LuM61IWnw5N02-BRUSA?app=desktop

Ары қарай оқу >>

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АШЫҚ МӘЖІЛІСІ

09.02.2021

 

2021 жылдың 8 ақпанында қалыптасқан дәстүр бойынша ректорат мәжілісі ашық түрде онлайн форматта өтті. Ашық мәжілісті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бүкіл қызметкерлері YouTube арнасынан тікелей эфирден көре алды.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, т.ғ.д, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы соңғы 10 жыл атқарған қызметі жөнінде есеп берді. Есеп барысында университеттің 10 жылда жеткен жетістіктері айтылды. Сондай-ақ, алдағы жылдарда орындалатын жобалар туралы айтып өтті. Эфир барысында ректор қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берді. 

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс студенті Искакова Аида Омаровна Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

02.02.2021

 

Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс студенті Искакова Аида Омаровна Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 

  Факультетіміздің мақтанышын жеткен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта Еліміздің, университет пен факультетіміздің дамуына еңбек ете береңіз

Ары қарай оқу >>

20 қаңтар 2021 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да куратор-эдвайзерлер мектебінің 11-ші жыл сайынғы семинары өтті

21.01.2021

 

20 қаңтар 2021 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен 1 курс кураторларына арналған куратор-эдвайзерлер мектебінің 11-ші жыл сайынғы семинары өтті. Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары да осы мектептің жұмысына қатысты. Семинар онлайн форматта өтті, оның барысында студенттердің ерікті және мотивациялық қасиеттері, сондай-ақ қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі дамыту технологиялары талқыланды. Модератор педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.К. Мыңбаева болды, ол семинарға қатысушылар үшін көптеген пайдалы жаттығулар, тесттер дайындады және оқу топтарында осындай іс-шараларды өткізуге арналған материалдармен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Президенттік стипендиясына ие болумен құттықтау

17.01.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы "Халықаралық құқық" мамандығының 4 курс студенттерін Тасан Саят, Абдуллина Ақмарал және Нигметова Диляраны Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болғандарымен құттықтай отырып, оқуда табыс пен жаңа жеңістер тілейді. Жарайсыздар!

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінің профессорларын салтанатты түрде мемлекеттік медальдермен марапаттау.

19.12.2020

18 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабылдау залында салтанатты түрінде ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессорларына жоғары мемлекеттік медальдерді «Ерен еңбегі үшін» проф. Байзақова Құралай Ертісқызы, проф. Губайдуллина Мара Шавкатовнаға, және «Шапағат» медалдерді проф. Кукеева Фатима Тураровнаға, проф. Макашева Клара Налдибековнаға тапсырды.

Ары қарай оқу >>

ПРОФЕССОР ЧЕДОМИР НЕСТОРОВИЧТЫҢ ДӘРІСІ (ESSEC)

09.12.2020

2020 жылдың 9 желтоқсанында, сағат 14.00-15.50 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы базасында, Zoom платформасы арқылы Сингапурдағы ESSEC Business School Asia Pacific профессоры, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы MBA бағдарламаларының атқарушы директоры, «The Financial Times» бойынша Аптаның үздік профессоры Чедомир Несторовичтың дәрісі өтті. Дәріс тақырыбы: «АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастары, АҚШ-тағы сайлаулардың Азиядағы бизнеске әсері».

Ары қарай оқу >>