Жаңалықтар

КАРАНТИНА - БІЛІМ БЕРУГЕ КЕДЕРГІ ЕМЕС

20.04.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетіндегі “Талейран” студенттік дипломатиялық клубының құрамындағы студенттерге өздері оқып жүрген тілдерге байланысты елдердің тілдерін, мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін оқып үйрену үшін қосымша сабақтар онлайн форматқа ауысты.

Ары қарай оқу >>

"E4J сот төрелігі үшін білім беру»

17.04.2020

«ҚазҰУ E4J модулдеріне негізделген курстармен Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы әзірлеген "E4J сот төрелігі үшін білім беру» бастамасын қолдайды. Осылайша, университет БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда «ЦУР 16» - ға қол жеткізуге өз үлесін қосуға тырысады.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері ерекше түрде короновирусқа қарсы күреске қолдау көрсетті.

16.04.2020

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының, халықаралық қатынастар факультетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері барлық мемлекеттік қызметкерлеріне, медициналық қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және барлық короновирус COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы шыққан адамдарына алғыстарын білдірді.

Ары қарай оқу >>

Әлемдік экономикадан ІІІ халықаралық қашықтық олимпиадасына студенттердің қатысуы

15.04.2020

«Әлемдік экономика» мамандығының 3-курс студенттері Карина Биджанова, Дарья Аладинская және Бақытжан Аружан академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті ұйымдастырған әлемдік экономика бойынша ІІІ Халықаралық қашықтық олимпиадаға қатысты. Біздің қатысушылар командасы «Жас Зерде» деп аталды. Ғылыми жетекшілері – «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының оқытушылары Л.А.Медуханова және Ерімпашева А.Т. Олимпиада 2020 жылдың 25 наурызы мен 1 сәуірі аралығында өтті.

Ары қарай оқу >>

«Фараби Әлемі» cтуденттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы

13.04.2020

2020 жылдың 6-9 сәуір аралығында «Фараби Әлемі» аясында өткен Халықаралық қатынастар факультетіндегі студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясына қатысып, орын алған келесі студенттерді құттықтаймыз! «G-GLOBAL: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ КӨКЖИЕКТЕРІ» 8 - СЕКЦИЯCЫ бойынша 3-орын Сұлтанғали Шолпан, 2-орын Турсынбаева Айнур, 1-орын Сагандыкова Алия; «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 9 - ЖАС ҒАЛЫМДАР СЕКЦИЯСЫ бойынша 3-орындар: Жақсылықбаева Әсем, Гумаров Азамат, Омар Айжан,  2-орындар: Тлеубеков Султан, Ахметова Асем, 1-орын Бегжан Айзат;   «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ МЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 10 - СЕКЦИЯСЫ бойынша 3-орындар: Қырғызбай Жанерке, Молдаш Гүлдана, Жоламан Елнур, 2-орындар:  Собетаева Жанель, Семыкина Диана, 1-орын Ахметбаева Гульнур; «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОНТЕКСТІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 11 - СЕКЦИЯСЫ бойынша 3-орындар: Әбдіразахова Айя, Акильбеков Данияр, Шинбаева Валерия, 2-орындар: Нұрбай Аскар, Изханова Акмарал, 1-орын Сердалиева Асем; «СЫРТҚЫЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 12 - СЕКЦИЯСЫ бойынша  3-орындар: Кадыров Айдар, Атамкулова Айдана, Талгатова Камила, 2-орындар:  Турсунбаева Айсана, Сматаева Анель, 1-орын Ерболов Данияр. Аталған конференцияға барлығы 64 студент қатысты.

Ары қарай оқу >>

БІР АСА КӨРНЕКТІ ТУЫНДЫНЫҢ ТАРИХЫ ОНЛАЙН - РЕМБРАНДТ ХАРМЕНС ВАН РЕЙН

11.04.2020

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы «Біз үйде отырамыз және дамимыз» бағдарламасы аясында студенттер мен кез-келген қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға арналған онлайн дәрістер сериясын бастады. 2020 жылдың 10 сәуірінде Ұлы Нидерланд суретшісі Рембрандт Харменс Ван Рейннің шығармашылығы туралы дәріс өтті.

Ары қарай оқу >>

Диссертацияны рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар және мемлекеттік емтиханды өткізу ережелері туралы пікірталас

10.04.2020

2020 жылдың 10 сәуірінде А.А. Маулен "халықаралық құқық" мамандығының 4-курс қазақ бөлімі студенттерімен "Диссертацияны рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар және мемлекеттік емтиханды өткізу ережелері" туралы эдфайзерлік сағат өткізді. Куратор сағатында диссертацияны рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар және мемлекеттік емтиханды өткізу ережелері туралы пікірталас өткізілді. 

Ары қарай оқу >>

«Германиядғы Пасха мерекесін тойлау» тақырыбына онлайн режимдегі тәрбие сағаты

10.04.2020

2020 жылдың 9 шы сәуір күні сағат 14.00-14.40 уақыт аралығында Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Г.К.Жантилеуова Халықаралық қатынастар мамандығы 1-курс студенттерімен неміс елінің мейрамы «Германиядғы Пасха мерекесін тойлау» тақырыбына онлайн режимде тәрбиелік сағат өткізді. Тәрбиелік сағаттың мақсаты: Студенттерге эстетикалық тәрбие беру және Германияда Пасха мерекесін тойлау дәстүрлеріне, Пасха атрибуттары мен ойындарына құрметпен қарауға баулу.

Тәрбие сағаты үш тілде өтті, яғни қазақ, неміс және орыс тілдерінде. Студенттер тақырып бойынша неміс тілінде әзірлеген слайд бойынша Пасха мерекесінің барлық салт-дәстүрімен танысты, өз ақпараттарын қазақ және орыс тілдерінде жеткізіп отырды.

Тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді, белсенділік танытты. Тәрбие сағаты өте жақсы, көңілді өтті. Тәрбие сағатының соңында «Смайлик - үш бет әлпет» әдісі бойынша байланыс алынды. Әр студент тәрбие сағатының өту барысы туралы өз ойларымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

БЕТХОВЕННІҢ ОНЛАЙН МЕРЕЙТОЙЫ

09.04.2020

 Халықаралық қатынастар факультетінде, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында ұлы неміс композиторы Людвиг ван Бетховеннің туғанына 250 жылдық мерейтойна байланысты өмір жолы мен шығармашылығына арналған бірқатар шаралар дайындалды.

Ары қарай оқу >>