Халықаралық қатынастар факультетінің профессорларын салтанатты түрде мемлекеттік медальдермен марапаттау.

19.12.2020

Көрулер: 1635

18 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабылдау залында салтанатты түрінде ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессорларына жоғары мемлекеттік медальдерді «Ерен еңбегі үшін» проф. Байзақова Құралай Ертісқызы, проф. Губайдуллина Мара Шавкатовнаға, және «Шапағат» медалдерді проф. Кукеева Фатима Тураровнаға, проф. Макашева Клара Налдибековнаға тапсырды.

Профессор Мара Шаукатовна Губайдуллина алған марапат туралы әсерімен бөлісті:

«Кәсіби әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын!

Университетіміздің халықаралық қатынастар оқытушылары алғаш рет өз жұмыстары үшін осындай жоғары бағаға ие болғанына өте қуаныштымын! Бұл халықаралық қатынастар факультетінің 25-жылдығына жылы сыйлық екені сөзсіз.

Біздің идеяларымыз бен бастамаларымызды, әріптестерімізбен бірге жүзеге асыра алатын халықаралық және республикалық жобаларымызды қолдайтын ҚазҰУ басшылығына шын жүректен ризамыз.

Біз түлектерімізге, жаңа буын мамандарына – кәсіби өмірде өз жолын тапқан және өз университетін, өздерінің alma mater және бізді, олардың оқытушыларын ұмытпағанына өте ризамыз!

Барлықтарыңызға жаңа биіктер, сәттілік, денсаулық, Жаңа жылдарыңызбен!»

Жоғары мемлекеттік марапаттардың иелерін шын жүректен құттықтаймыз!