Жаңалықтар

2020 онлайн форматындағы Түлектер күні

31.05.2020

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы 2020 жылдың 30 мамырында сағат 10.00-де Түлектердің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін жаңа онлайн режимінде ZOOM платформасында өткізді.

Аталмыш кездесуге «Халықаралық қатынастар», «Әлемдік экономика» және «Аймақтану» мамандықтарының мерейтойлық түлектері (20, 15, 10, 5 жыл бұрынғы және т.б. түлектер) шақырылды. Кездесуді халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Е.Чукубаев жүргізді.

Ары қарай оқу >>

Пресс-релиз

30.05.2020

30 мамыр 2020 жылы мамыр айының соңғы сенбісінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Түлектер күні» өткізілді. Халықаралық құқық кафедрасымен онлайн режимде Абу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған түлектер кездесуі өткізілді. Іс-шараға «Халықаралық құқық» мамандығын әр уақытта бітірген 30-ға жуық түлектер қатысты.

Іс-шараның модераторы - халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор м.а. Сайрамбаева Ж.Т. өзінің құттықтау сөзінде іс-шараның міндеті достық және іскерлік байланыстарды нығайту және дамыту екенін атап өтті.

Іс-шараның салтанатты бөлігі «Гаудеамус» студенттік әнұраны және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Мутанов Г.Г.  құттықтаумен басталды. Сонымен қатар, түлектерге арналған бейне құттықтауларда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының Президенті з.ғ.д., профессор Мами К.А. өз сөзін жолдады.

Кездесу барысында түлектер назарына университеттің және халықаралық құқық кафедрасының жетістіктері туралы презентация ұсынылды. Аудиторияның жағымды эмоциясы мен естеліктерін тудырған әр түрлі оқу жылының түлектері мен әріптестерінің естелік суреттерін көрсете отырып, з.ғ.к, доцент Машимбаева Г.А. кафедраның құрылу және даму тарихы туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында Халықаралық қатынастар факультетінің келесідей түлектерінің бейне құттықтаулары тыңдалды: ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Исетов А., ҚР Президенті Кеңсесінің мемлекеттік инспекторы Қайырбек М., ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық құқық департаментінің директоры Жумаканов Н., «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Боранбай А., ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының заңнама бөлімінің бас консультанты Ахметов Е., Ernst & Young Kazakhstan аға заңгері Адбукаримов А. және т.б.

Түлектер оқутышыларға жылы лебіздерін білдіріп, туған Альма-матердің одан әрі өркендеуіне тілектестіктерін білдірді. Әр түлектің өзіндік өмір жолы бар болғанымен, олар жыл сайын оқутышылар және топтастарымен қайта кездесуге уақыт тауып отырады.

Түлектер кездесуі болашақта осындай іс-шаралардың қажеттілігін көрсетті. Жылы атмосфера көрермендерді ұзақ уақыт бойына жағымды әсерге бөледі, өйткені студенттік жылдар әрқайсымыз үшін ұмытылмас, ең жылы, ең жақсы кездер...



Ары қарай оқу >>

Академиялық алмасу бойынша магистранттың КазҰУ-нің Халықаралық Қатынастар Факультетіндегі білім алуы туралы өз ойымен бөлісуі

27.05.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің академиялық алмасу бағдарламасы бойынша «Халықаралық қатынастар» факультетінің Дипломатиялық аударма кафедрасындағы «Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма» мамандығының 1-курс магистратурасында білім алып жүрген Францияның Université de Poitiers университетінің магистранты Рафаэль Фэйзон университет туралы өз ойымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы Кесслер Торстеннің қашықтықтан оқыту туралы ойымен бөлісуі

27.05.2020

ДААД лекторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Халықаралық қатынастар» факультеті Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы Кесслер Торстен қазақстандық студенттерге неміс тілін оқытудағы өз тәжірибесі және қашықтықтан оқыту жүйесіндегі университеттің артықшылықтары туралы ой бөлісті.

Ары қарай оқу >>

30 мамыр - ҚазҰУ түлектер күні!

26.05.2020

Биылғы жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің альма-матері үшін ерекше жыл болды. Лайықты түрде ұлы ғұламаның есімін иеленген университет әл-Фарабидің 1150 жылдығын өткізуге байланысты халықаралық ауқымдағы іс-шаралары белгіленген.

Мерейтой жылының маңызды шараларының бірі жалпы университеттік мереке - ҚазҰУ түлектері күні. Жыл сайын ол мамыр айының соңғы сенбісінде өткізіледі және биылғы жылы 30 мамырға тұспа-тұс келді. Университет дәстүрлерін сақтай және дамыта келе, сондай-ақ еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Түлектер күнін жаңа форматта-онлайн режимде өткізуді жоспарланып отыр.

Біз мыңдаған оқытушылар, студенттер мен түлектер ұжымы осындай қиын қыстау кезеңде бұрынғы жылдардағыдай, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен білім, ғылым, спорт және мәдениеттің маңыздылығын тағы да көрсете алатынына сенімдіміз және Түлектер күнінің дистанциялық форматы алғаш рет сынақтан өткелі отыр.

Бітірушілерді құттықтаудың материалдары мен бейнежазбалары, өз кафедралары мен факультеттерімен мерейтойлық шығарылымдардың онлайн-кездесулері әлеуметтік желілерде кеңінен қолжетімді болу үшін орналастырылады.

Сіздерді онлайн кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз! Бейне құттықтауларыңызды жіберіңіз! Платформаны және кіру паролін анықтау үшін өз кафедраларыңызға және факультеттеріңізге хабарласуларыңызға болады! 

Ары қарай оқу >>

Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі

30.04.2020

28 сәуір 2020 жылы сағат 11.00-де Әл-Фараби ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі» тақырыбында шақырылған қонақ Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология Институтының Жетекші ғылыми қызметкері мен ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматында білім беру іс-шарасын ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстел: «БҰҰ Agenda-2030 және Қазақстанның тұрақты даму келешегі: экологиялық аспект»

24.04.2020

23 сәуір 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде «Agenda–2030 және Қазақстанның тұрақты дамуының болашағы: экологиялық аспект» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оны Германтану орталығының бастамасымен магистранттар Ю.Ким, Ж.Карбозова және Г. Ёрмадов ұйымдастырды. Пікірталасқа «Халықаралық қатынастар» мамандығының 3-курс студенттері қатысты, олардың қатарында Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан студенттері, сонымен қатар оқытушылар болды (проф. Губайдуллина М.Ш., доцент Исова Л.Т., доцент Кульбаева А.Т.). Дөңгелек үстелге сонымен қатар қазіргі уақытта шетелдік компанияларда жұмыс істейтін сарапшылар қатысты - Сибагат Алдияров (Tora Trading Services, Токио, Жапония), Ширингүл Каримова (Outreach Coordinator, American Space Алматы) және Алтынай Мейербекова (Université de Montpellier, Франция).

Ары қарай оқу >>

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған тәрбиелік іс-шара.

23.04.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында, профессор Байзақова К.И. жетекшілігімен 22 сәуір, 2020 ж. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара ZOOM сервистік платформасы арқылы онлайн форматында өтті.

Ары қарай оқу >>